РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Авторлық бағдарлама
29 тамыз 2017
413
0

Мен өз Отанымның патриотымын

 

Тақырыбы:«Мен өз Отанымның патриотымын»

Тәрбиесағатыныңмақсаты:

а)Балаларғатәуелсіздіктуралытүсіндіру.ҚазақстанРеспубликасыныңбастыжетістіктеріментаныстыру,патриоттық,отаншылдықсезімінояту,елін,жерін,құреттеугетәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырып,әнұран,суреттерт.б.

 

Мұғалім сөзі: Қайырлы күноқушылар!Бүгін біз сіздермен «Мен өз Отанымның патриотымын»атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

(Шаттық шеңбері- оқушылар Тәуелсіз елімізге тілек білдіреді)

 

Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 25жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991жылы 16желтоқсан-тарихтағы ұлы күн.Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды.Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік,бірлік,тұрақтылық,гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады.Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ,ешқашан да мойымады,күресе білді.Тәуелсіздік.Қандай қасиетті,ұғым.Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп,тұғырын биіктеп,тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр.Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз,әліде берері тіпті мол.

 

1-оқушы: Тәуелсіздік бізге оңай келмейді,

Бұны ешкім саған сыйлап бермейді.

Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың,

Тар көшеде тас -талқан боп өлгені.

Ақталды боздақтардың ақ талабы,

Әділ іс әрқашанда ақталады.

Елі үшін жанын қиған асыл жандар.

Ел есінде мәңгілік сақталады.

 

2-оқушы: Тұрағым Қазақстан елді мекенім,

Сүйгем жоқ,сүйе алмаймын жерді бөтен.

Танытқан бар әлемге қазақ атын,

Туымды асқақтата желбіретем.

 

 

Мұғалім сөзі: Тәуелсіздік алған 25жыл ішінде сайын даланың төбесінен бой көтерген ару Астана біздің мақтанышымыз.Барлығымыз тәуелсіз заманның,егеменді елдің бақытты қожасы болдық.Тәуелсізбін,Тәубе саған жарық күн дегім келеді.Халқымыздың Тәуелсіздік жолында шекпеген тауқыметі,көрмеген қасіреті қалмаған.

 

Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі-Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі.Ол 1986жылғы сол кездегі Жаңа алаңында бой көтерді.Бұл жер-1986жылғы Желтоқсан көтерлісінің кіндігі болған алаң.Тәуелсіздік монументі Елбасының Н.Назарбаевтың бастамасымен белгілі мүсінші,Елтаңбамыздың авторы Шотаман Ыдырысұлы Уалихан аталарыңның жобасымен жасалған.


Осыдан 25 жыл бұрын 1991 жылы 29 тамызда еліміз үшін тарихи шешім қабылданды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 40 жыл бойы ядролық сынақтар жүргізіліп, қазаққа зор қасірет төндірген Семей полигоны жабылды. Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі бұл.

«29 тамыз күні адамзаттың игілігі үшін Қазақстан әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигондарының бірін жапты. Бұл, әрине, ең алдымен Қазақстан халқы мен оның Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі әрі ерлігі. Осы күн - ең алғаш рет бейбіт атомды дамытуға негіз салынған күн», - дейді Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Ерлан Батырбеков сұхбаттарының бірінде.+

 

Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ойлаған Мемлекет басшысы АҚШ, Ресей, Франция елдерінің басшыларымен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Ядролық державалар (АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне қарсы күш көрсетпеу жауапкершілігін мойнына алып, экономикалық қысым жасамайтынына сендірді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ жерінен шығарылды. Осылайша, Қазақстан адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет ретінде белгілі болды.

 

XXXI Олимпиада ойындары жиі қолданылатын атауы жазғы Олимпиада ойындары 2016  Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 2016 жылдың 5 —

 

 

 

21 тамыз күндері аралығанда өткізіледі. Бұл Олимпиада ойындары алғаш рет Оңтүстік Америкада өткізіледі.

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар санын 17-ге жеткізіді. Бұл -бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

 

Рио Олимпиадасы

Спортшы саны – 104

Спорт түрі – 26

Медаль саны – 17

Командалық есепте қазірде 21-орында.

 

-Оқушылар бүгін қандай күн?

-1 қыркүйек

-Олай болса бүгінгі мерекеге орай сөзжұмбақ шешейік!

1. Оқушыға білім беретін кім? (мұғалім)

2. Қолыңа алғаш ұстаған оқулық. (әліппе)

3. Қыстан кейінгі мезгіл? (көктем)

4. Жазуды қайда жазамыз? (дәптер)

5. «Алғашқы қоңырау» мерекесі қай айда болады? (қыркүйек)

6. Мектепке келгенде білім алу үшін қайда отырамыз? (парта)

М
Е
К
Т
П
Е
 

 

 

 

 

 


Қорытынды:Сондықтан басты құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз!Сол үшін де

бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып,қадірлей білгені абзал.Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. «Тәуелсіздік тұғыры биікте»атты ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз. (Тәуелсіздікке байланысты видео-ролик көрсету.)

Мақаламен бөліс

Ілмектер:1 қыркүйек
Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив