РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Баяндама, мақала
26 тамыз 2017
74
0

Үштұғырлы тіл-заман талабы

    Тіл-халықтың жаны.Тіл-мемлекетіміздің байлығы.Тіл-тәуелсіз еліміздің тұғыры.Тіл-адамдардың қарым-қатынас құралы болатындықтан,ол сөйлеу әркетінің арқауы болып табылады.Тіл-ұлт пен ұлтты жақындастыратын, өзгеше қатынас құралы.Тіл құрыса,халықта жер бетінен жоғалады.Адамзат тарихында қиындыққа төтеп бере алмай,өзге мемлекеттің құрсауында қалған тілдер қаншама.Тілі мен дінінен айырылған халық, көлденен көк аттының қолжаулығына айналады.Қазақ тіліде талай жылдар бойы орыс боданында болса да,өз мәртебесін жойған жоқ.Қанша қиындық көрген тіліміз,барлығына шыдай білді.Ана тілімздің тағдыры үшін кешегі Ахмет, Міржақып, Мағжан, Сәкен бастаған халық зиялыларының қозғалысы  соның бір дәлелі.Тіл-мәселесі ұлттың мәселесі.Тілдің мерейін асыратында,құтын қашыратында өзіміз.Тілді меңгерту,оның қадір-қасиетін түсіндіру отбасынан басталады. Тіл - жүректің үні ғана емес,ұлттық рухтың абыройы мен болмысы. Ал, үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы.  

    Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы:“Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі”.Осы «Үштұғырлы тіл» атты мәдени жобасын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев алғаш рет 2006 жылы қазан айында өткен Қазақстан халықтар ассамблеясының ХІІ құрылтайында жария еткен болатын. Ал , 2007жылы Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобасын кезең –кезеңімен іске асыруды ұсынды. Осы мәдени жоба Қазақстан үшін үш тұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдағы болмақ. Қазақстан мемлекеттік тілді игеруі керек. Орыс тілі көрші еліміздің ана тілі және БҰҰ-ның алты тілінің бірі. Осы орыс тілі арқылы әлемдік мәдениет пен әдебиетке жеткенімізді мойындауымыз керек. Сондықтан, бұл тілді де ұмытуымызға болмайды. Осы үш тілді меңгере отырып, әлемде алғашқы қатардағы ел бола аламыз. Сонда қалай?- деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, өз тіліміздің бай екендігін көрсете отырып, өзге тілдерді еркін меңгере алатын ұлт ретінде дәлелдейміз. Екіншіден, шет елмен тығыз қарым-қатынас орната отырып, экономикамызды жақсартамыз. Үшіншіден, «Жас болса да, бас бола алатын» мемлекет екендігімізді толығымен көрсетеміз.
   Елімізді көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі – көптілділік екені дәлелденіп отыр. Көптілділік өзара байланысты және бір-біріне тәуелді әлем жағдайында оқушыларды тәрбиелеудің негізгі құралы болып табылады.

˝Әр тіл – адамзаттың байлығы, ал, ағылшын тілі Қазақстанды әлемдік аренаға шығаратын жол˝,-- деп мәлімдеме жасады Елбасымыз Н.Назарбаев. Өйткені ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі.

  “Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Қазақстандықтардың ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге жәрдемдесу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында шет тілінің болашақ оқытушыларын оқыту жүйесі мен процесіне қойылатын талаптарды күшейту керек.
   Қазіргі уақытта ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағымына ілесу деген сөз.Әлемде басылып жатқан 10 миллион кітаптың 85%-ы ағылшын тілінде шығады. Ғылым, ақпаратты технология – барлығы да ағылшын тілінде етек жаюда , - деді елбасымыз.Заманауи жаһандану жағдайында ағылшын тілінің рөлі күшеюде,ағылышын тілін еркін меңгеру инновациялық технологияларды игеруге, экономикалық және әлеуметтік жобаларды, ғылыми идеяларды және білім бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
 Осыған байланысты мен қазақ  тілі пәнінде оқушыларға барынша түсінікті етіп, пәнді қызықты етіп өткізуге тырысамын. Себебі, әрбір баланың бойында тілге деген қызығушылық болады, соны көріп аша білу керек деп ойлаймын. Қазіргі таңда үш тілді еркін меңгерген оқушылар саны артуда. Әр қазақ тілі сабағының барысында біз оқушылардың алған білімдерін әрі қарай дамытып, ұштауға тырысамыз. Сол үшін оларға қосымша материалдарды көбірек беріп, бейне жазбалар көрсетіп, дыбыстық жазбалар тыңдатамыз. Бұл өз кезегінде оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.
Қазақ тілі, орыс тілі және шет тілдерін жетік меңгеру заманауи қоғамда адамның жеке және кәсіби іс-әрекетінің ажырамас бөлігіне айналып отыр.   

16-2017 оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептері «Үш тұғырлы тіл» білім беру жүйесіне біртіндеп көшеді. Бұл – «Ұлт жоспарында» айтылған міндет. Ғылым мен инновацияның тілі ағылшын тілі болса, Қазақстан үшін үш тілді оқыту жүйесі ерекше қажет.  Мәселен, Сингапур халқының туған тілі малай, тамиль тілдері болғанымен, тұрғындарының 80 пайызы ағылшын тілін жетік меңгерген Әрбір тілді меңгерген сайын біз рухани дүниемізді байытамыз. Сонымен қатар, еліміздің болашағы біздер яғни, жастар үш тілді де қатар меңгеруіміз керек. Жалпы алғанда, Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген мағынаны білдіреді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады. 
Қорыта айтқанда, жақын болашақта қазақ тілін әлемге әйгілі етіп, орыс тілі арқылы ұлтаралық қатынасымыз өрби түсіп, ал, ағылшын тілі арқылы жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріп қана қоймай, сол жаһандық экономикада Қазақстан ойып тұрып орын алатынына сенімім мол.

 «Білекке сенер заманда-ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмейік » – деп Абылай хан айтып кеткендей, ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән екенін естен шығармайық. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік,шығармашыл тұрғыдан ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

   Үштілділікті әдебиет сабағында да жүйелі түрде қолданып келеміз. Мәселен, әдебиет сабағында «Ертегілер» тақырыбын өткенде іздендіру-зерттеу бағытындағы тапсырма ұсынуға болады. Яғни, «қазақ ертегілері мен әлем халық ертегілерінің үндестігі» тақырыбы бойынша оқушылар салыстыру жұмысын жасап, тапқан деректерін топпен бірлесе отырып, үш тілде еркін баяндап беруге талаптанады. Әдебиет пен тіл – рухани егіз пәндер болғандықтан, оларды бірлікте ала отырып жүргізген сабақтарда үштілділікті қолдану аясында оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін, зерттеушілік әрекеттерін дамытып, салыстыру, талдау, дәлелдеу сынды дағдыларын қалыптастыруға түрткі болдық. Сондай-ақ, үндестіктерін табу, салыстыру жұмыстары оқушылардың қызығушылығын оятты.

    Қорытындылай келгенде, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейте түсері сөзсіз. Олай болса бүгінгі талапкерлерге әлемдік кеңістікке қанат қағып, шет тілін меңгерсем деп талап білдіргендерге сәттілік тілейік. 

Мақаламен бөліс

Ілмектер:Үштұғырлы тіл
Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив