РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Баяндама, мақала
20 қаңтар 2018
53
0

Келдің бе,кер заман қыңыратқып?

                 Келдің бе,кер заман,қыңыратқып?-деген бұл мақала барлық мұғалімдердің кәперінде болуға тиісті отбасындағы
зорлық-зомбылық, отбасының бұзылу қатерлі әрекеттердің оқушыларға тигізер ықпалы айтылған

 

                  Келдің бе,кер заман,қыңыратқып...?
Басымыз бостандыққа,қолымыз аузымызға жетіп,өз күнімізді өзіміз көріп,біреуге телміріп,жаутақтап мөлиген заман артта қалып,әлемдегі барша жұртпен тереземіз тең түсе бастағанда,батыстың ,теңіздің арғв бетіндегі тағы сол тәріздес жетілген елдердің сан қатпарынан келген мәдени,адами,жаңа дәуірлік әдептік-моральдық сорақы үрдістері жаһанданудың теперіші мен теңдессіз еркіндік арқасында қазақ даласына келіп жеткен тәрізді.Иә,бұл да болса заманақыр белгісі шығар.Десе де,қазақи заманақыр ұғымы,ғылыми түсініктен мүлде бөлек.Қазақтар, басына іс түсіп,күнкөріс пен тағдырына бұлт үйірілгендердің бәрін:-Ой,бейшора–ай,басына заман ақыр орнаған, екен»-деп жатады. Немесе,саусағы қанаса да,сәл ғана бейнетке тап болса да,заманақыр бүгін -ертең сенің үйің де,сенің басың да-десіп,оған одан арылудың жол-жобасын көрсетіп жатады. Ал,зар-заман жыршы-ақындар-ының толғауларында,мұндай халды- дәуір кер заман аталып,оның сан қырлы белгілері айтылып,одан сақтанудың жолдары көрсетіледі. Хақ дінімізде кер заман мен заман ақыр белгілеріне берілген тұжырымдар өте айқын. Қазақ ойшылдарының, ғұламаларының айтып ескерткен кер заман белгілері бүгінгі біздің қоғамда дәлме-дәл көрініс беруде.Мысалы, Ақыт Үлімжіұлы (1867-1940): «Заман жетсе ақырға,Неке қимас қатынға,Белдеусізден үй болар,Белгісізден би болар,Өзі зәлім тентектер,Ауылыңа бас болар.Биден кетіп, ғадылатМолдадан кетіп қанағат Байдан кетіп сақауат,Қырсығайын дегенде,Келін деген үйінде, «Пері» шығар деп еді,Неше түрлі қырланған заман болар деп еді.Ел билеген ұлығы,Надан болар деп еді...»-деп ескертеді.Ал,Мөнке би: « ...Ішінде шынтақ айналмайтын,Ежірей деген ұлың болады,Ақыл айтсаң ауырып қалатын,Бедірей деген қызың болады.Алдыңнан кес-кестеп өтетін,Кекірей деген келінің болады. Кер заманның кезінде су тартылыр,Таң мен торпаққа жүк артылар,Ар-ұяттың бәрінен жұрдай болып,Қарап тұрған жігітке қыз артылар.Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады,Ит пен мысықтай ырылдасқанЕркек пен қатының болады...Кер заманның кезінде: - Ертеңіне сенбейтін күнің болады,Бетіңнен ала түсетін інің болады.Алашұбар тілің болады,Дүдәмалдау дінің болады.Еркегің қазаншы болады,Әйелің базаршы болады.Кебір жерге теңеледі,Әйел ерге теңеледі.Көл теңізге теңеледі, Сиыр өгізге теңеледі.»-деп еді.Біздің бүгінгі халіміз осы айтылғандардың арғы-бергі жағында тұр.Кәрі құрлық Европаның бүгінгі ахуалын пайымдаған зерттеушілер,адамдардың азғындауын көрсететін бірнеше қылықтарды атап көрсетеді.Күрделі әлеуметтік өзгерістерді бастан кешіріп жатқан қоғамдарда мынандай әлеуметтік-экономикалық аурулар пайда болады;Құлдыраушылық (коррупция).Парақорлық.Ахлақи (этикалық) дағдарыстар.Жыныстық-эпидемиялық аурулар .Надандық, білімсіздік. Нашақорлық (есірткіге тәуелділік) Маскүнем-дік (алкоголизм). Контрабандалық әрекеттер. Миссионерлердің жаппай көбеюіДін ауыстыру.Кісі жақтау және алалау.Жерлестік, руластық.Азаматтарды оқшаулау (дискриминация). Әділетсіздік. Сенімсіздік, белгісіздік.Ықтисади дағдарыстарЖұмыссыздық,кедейлікҰятсыздық, жезөкшелік.Өзін өзі өлтірушілік (суицид). Демографиялық ауытқулар.Ішкі һәм сыртқы көш.Ифрат уә тәфрит (экстремизм).Қылмыскерліктің артуы т.т. (Мұртаза БҰЛҰТАЙ АУМАЛЫ-ТӨКПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚОҒАМ, ТҰЛҒА ЖӘНЕ ДіН) Бұл дертің ұшқындары Қазақ қоғамында,Ресейге қосылған шақтан бастау алып,кеңестік дәуірде әжептәуір білініп,осы дәуірде асқынып кетті.Осының ішінде этикалық дағдарыстар мен ұятсыздық,қабырғасы берік,тұғыры терең қазақ әулетіне жармасып, зорлық-зомбылық, отбасында шектен шығып,көп басты берік қазақ шаңырағын шайқалтып жіберді. Бұлай болудың басты себебі:отарлаушылар мен басып алуды көздеушілер ұзақ уақыт бойы,атты-шапты,асты-өртеді,өлтірді-қырды,қорқытты-үркітті, аштан ақсүйек болдырып үйді.Аштан өлген адамда бейіт болмайтынын ұқтырды. Бірақ,қазақтар мың өлсе де,қайта тіріліп кете берді.Қазақтар қырылудан ешқашан сабақ алмады.Тілі мен дінін,салт-дәстүрінен де айыру үшін талай зымиян әрекеттер жасады.Оларды да,жасырып қойып,керекті кезінде қайта «тірілтіп» алатын орны бар болып шықты.Бұл орын-қазақтың қарашаңырағы,айрандай ұйып,береке-бірліктің ұйтқысы болған отбасы,өзара тылсым күшпен байланысқан әулеті еді.Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді - тілін, дінін, әдет - ғұрпын, салт - санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине, әйел - ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке - бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел - ана. «Ағайын тату болса - ат көп, абысын тату болса - ас көп»,- деген ұлағатты сөз осыдан туса керек. Баяғының білімпазы Ризауддин ибн Фахруддин: «Әйелдері тәрбиелі болған халық тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық тәрбиесіз» - деп бекер айтпаса керек.«...Адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген-әйел. Адамзат баласының адамшылық жолындағы таппақ тағылымы әйел халіне жалғасады.Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал,қазақ,мешел болып қалам демесең, тағылымды, бесігіңді түзе!»-дейді,М.Әуезов Осының бәрін қарастырып көрген,анықтап байқаған біздің бәсекелестеріміз, «дамыған әлемдегі» бақталастарымыз кер заманды қолдан жасап,қазақ әйелдер қауымына,отбасы ортасына,әулет аумағына ірітудің сан қилы айла тәсілін тықпалап, сіңіруде.Ал,бұларға қамқор болатын қоғамдық,мемлекеттік ұйымдар әлсіздік танытып, оларды қорғайтын отбасы,неке заңдары,босаңдық тартып, шариғаттық,ұлттық тиымдар аластатылып шетте қалған.Қолтығынан үрлеп желіктірушілердің ақшасы мен айласына іліккен өзіміздің еліктегіш көбелектер іліп алып,мұндай ұятсыз қылықтар мен жеңілтектікті ұйымдас-тырып,желпіндіріп,жастардың талайын жерсоқтырып жүр.Нактыласақ:отбасындағы зорлық-зомбылық асқынып,ұрып-соғып,шауып- боршалап өлтіру, балиғатқа толмаған-дарды зорлау,қапаланудан өз-өзіне қол салу,балаларын тастап кету,ажырасу осы шақта қалыпты жағдайға айналып,ешкімді де елең еткізбейтін болып барады. Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағының" мәліметінше, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жыл сайын 400-ге жуық әйел ажал құшады екен. Дегенмен Бас прокуратураның 2016 жыл бойынша мәліметіне қарасақ, 36 әйел мерт болған. Тағы бір құқыққорғаушылардың деректеріне қарағанда, былтыр қыз-келіншектерге қатысты 91 631 құқықбұзушылық тіркелген. Оның 71 965 ауырлығы орташа қылмыс болса, 4 131-і ауыр қылмыстар санатында. Ал, 420-сы аса ауыр қылмыс. https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ Отбасына,әулетке тікелей жауапты мемлекеттік мекеме де жоқ болып,аты асқақтағаннымен амал-өлшеуі мардымсыз комиссиялар қалған.Осы комиссия жыл сайын отбасы күнін атап өтіп, «Мерейлі отбасы»-ын,анықтап,озаттарды мақтап,етектей мақтау қағаздар мен дипломдар тапсырылады.Бұл не үшін,қандай нәтиже беретінін ұйымдастырушылардың өзі де білмейді.Отбасы күнін атап,мерейлі отбасын марапаттау Африкада да,Азия жұртында да бар.Бірақ олардың мақсаты,өткізу әдісі мүлдем бөлек. Қазақ айтады ғой: «Екі кемпірді жарыстырсаң,біреуі бірінші, екіншісі екінші келеді!».Мерейлі отбасы иелерін анықтап,олардың іс-тәжірибесін ауылдастарына тара-туды көздемек пе?Әр ауыл,қала, кент өздерінің мерейлі отбасын сенсіз де ерте анықтап қойған.Барлығы,баяғыдан біледі.Олардың тәжірибесі басқаға үлгі болып,өмірде жүзеге асатын болса, әлдеқашан, біздің елде бір де-бір «мерейсіз» отбасы қалмаған болар еді.Бұл баршаға анық та ашық дүние ғой.Ал,шет елде,мерейлі отбасы санын арттыру мақсатымен іс-қимыл жасайды,Мысалы;Үнділер тұрмысы төмен,азып-тоза бастаған отбасына банктерден төмен пайызбен несие алып береді.Тіпті Японияда,жағдайсыздау отбасына пәтер ұсынады,ең болмағанда пәтер ақысын төлеуге көмектеседі. Ал,Африкада,тұрмысы нашар отбасына жер беріп,өкімет көмегімен оған бір-екі жыл көкеніс егіп көмектесіп,мерейлі отбасы санын жыл сайын арттыруды жоспарлы түрде жүзеге асырады.Монғолияда көп балалы(екіден артық)отбасының балалары ясли, балабақшада,мектепте тегін тәрбиеленіп оқытылады екен.Мейлі олар жеке меншік бақша,ясли болса да оның төлемін мемілекет жасайды.Мұның бәрі екі кемпірді жарыстырудан әлде қайда мерейлі,қайырлы шаруа емес пе? Отбасы тұрақтылығы мен беріктігі өте босап,әйелге,балаға зорлық-зомбылық жасау мүмкіндігі заң аясында артқан.Жаңа заман жағдайында,аралас некенің көбеюі,азаматтық некенің өмірге енуі,жастардың шет елге ұзақ мерзіммен өмір сүру еркіндігінің ашылуы отбасы беріктігі мен тұрақтылығына ерекше әсер етуде.Егер отбасы-қоғамның негізі, кішкентай мемлекет десек, онда осындай тұрақсыз некелерден құралатын қоғамның, мемлекеттің келешегі қалай болмақ?.Өкінішке қарай, жылдан жылға ажырасу жағдайы көбейіп, толыққанды отбасы саны азаюда екен. 2005 жылы ажырасқан отбасы саны 35 834 болса, 2015 жылы 53 293-ке жеткен. Заңды некеде тұрмайтындардың саны артуда. Бұл өткен жылға қарағанда 6,6 пайызға өскен. Некесіз бала табу көрсеткіші өскен. Көп балалы отбасылардың жағдайы әлі де мәз емес.Қазақстанда отбасының саны 3,5млн.Оның 240 мыңының бала саны 4 және онан көп.Азаматтық некедегі және ажырасқан отбасы санын дәл анықтау мүмкін емес көрінеді,тек жобамен айтсақ барлық отбасының бестен біріне тең деседі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өткен жыл соңындағы мәліметіне сүйенсек .2017 жылдың басында халық саны 17 917 915 адамды құраған. Ал ағымдағы сәтте 18 146 778 адамға жеткен. Оның ішінде ер адамдардың саны 8 785 273-ті құраса, әйелдер 9 361 505-ке жетіп отыр.Бүгінгі таңда халықтың 15 жасқа дейінгі саны 21,6 %-ды құраса, 15 жастан 65 жасқа дейінгі халық саны – 71%-ға тең. Ал 65 жастан асқан адамдар саны 7,4 %-ды құрап отыр.15 жастан кіші адамдар саны 3 890 984-ті құраса , оның ішінде ұлдар– 1 987 807, ал қыздар– 1 903 177. Ал 15 жастан 65 жасқа дейінгі (14 жастан асқан және 65 жасқа толмаған) халық саны – 12 890 235 болса, оның ішінде ер адамдар – 6 246 903 болса, әйелдер – 6 573 332. Ал 64 жастан асқан ер адамдар саны – 456 532, әйелдер саны 876 974.Ал Қазақстандағы ер адамдар мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығына келер болсақ, ер адамдар 63,2 жас, ал әйелдердің 74,1 жыл өмір сүруі күтіледі екен. Жылына орта есеппен 360 мың баланың дүниеге келетінін ескерсек кәзіргі 3 891 мың бала саны 2020 жылы төрт миллионнан, асатыны анық.Оның бір пайызы ғана жетім аталатын болса олар 40 мың болады.. Ажырасқан отбасы арқылы пайда болған тірі жетімдер,өгей әке-шеше қарауындағы теперіш көрген жарты жетімдер,зорлық-зомбылыққа душар болған жас ұл мен қыз,ерлерден таяк жеп,басы жарылып,қол аяғы мерттіккен байғүс әйелдер,басар-жер барар тауы жоқ баспанасыз тентіреген,бала мен ана жағдайы отбасы және неке заң кодекстерге көптеген толықтырулар енгізуді қажет етіп отырғаны белгілі.Мысалы,екі одан көп балалы отбасыларды ажырасуға тиым салу(мұндай ел көп қой,бала құқығын қорғау үшін әдейі жасаған),некеге тұру үшін бір-екі күн алдын-ала арнайы дайындық жасау,кеңес беру орталықтарын ашу,азаматтық некедегілердің ажырасу шартын алу,қолхат қалдыру,балаларға төленетін алименттің материалдық-мүліктік кепілдігін алу,зорлық-зомбылық құрбандарының емделу-сауығу төлемдерін мәжбүрлеу арқылы өндіру шартын жасау,балиғатқа толмағандарды зорлаушыларға медициналық ота жасау, жас балалардың заңға жүгіну құқығын көтермелеу т.с.с. қатаң шараларды белгілеу керек-ақ.Өйтпесек; «Жер тақыр болар,Халқы пақыр болар.Балалар жетім болар,Әйелдер жесір болар,"Ә" десе "Мә" дейтін кесір болар.бас қосылған жерлерде,Әйел жағы ден болар.Жаман-жақсы айтса да,Өзінікі жөн болар. Осылай да,осылай-Заман ақыр болар...»Бұл айтылғанның екінші жағы тағы бар екен.Биылғы басқосуда (менің білім- ғылым саласында еңбектеніп жүрген 64 ұлым-қызым,келінім,күйеу балам ,немере жиендірім бас қосып,менің ұрпақ тәрбиесіне қатысты жазған ,айтқан пікірлеріме талдау жасауды олар әдетке айналдырған болатын) керісіп бастап,келісіп аяқтаған бір түйінім бар.Бүгінгі қазақ қыздарына,кешегідей сызылып тұратын биязы әдептен,жібек мінезден гөрі өзін-өзі қорғай алатын, ширақтық,күш қуат,әдіс айла ұқтыру талабы қойылған екен.Шығыстағы халықтар ұрпағының осы бағыттағы ойын түрлері, сайыстары бізде кең етек алып дамытыуын олар жан-жақты зерттеген көрінеді.Себебі; оқымысты Марк Орэл өзінің «Ойлар» атты кітабында: «Күнде таңертең адамдар арасына барып қосылғанда былай ойланам: бүгін мен адам бейнесіндегі кейбір жыртқыштармен кездесем, оларды ызаландырмай, өзім таланбай үйіме аман-есен оралуым керек»– деп жазған екен.Бүгінгі таңда,біздің жас өскіндерге де,бұл ойдың келе бастағаны белгілі болды.
                                  Қобдабай Қабдыразақұлы
                                   Дина Ілесбекқызы
                                                         19 қаңтар 2018

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив