РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Факультативтік жоспар / Психология
29 қаңтар 2018
604
0

Элективті курс бағдарламасы «Психология және Мен»

 

Элективті курс  бағдарламасы

9-сыныптар үшін

 

«Психология және Мен»

 

 

Маңғыстау  облысы

Бейнеу   ауданы

Бейнеу ауданының әкімдігінің

 «Күйкен орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Педагог-психолог

Тиленбаева  Динара   Жайлауовна

 

Курстың мақсаты:

оқушылардың гуманистік дүниетанымы мен психологиялық мәдениетін қалыптастыру;

оқушылардың өзі туралы және өзінің мүмкіндіктері туралы білімдерін кеңейту;

Курстың міндеті:

қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

қабілеттерін ашу мен дамытуға мүмкіндік беру;

стресстік жағдайларда өзін-өзі реттей алуға, кикілжіңдерді шеше білуге үйрету;

Бағдарлама құрылымы:

«Психология және Мен» курсының бағдарламасы жалпы психологияның негізгі тарауларын қамтиды және  9 сынып оқушылары үшін 1 жылға (34 сағат) аптасына  1 сағатқа есептелінген. Сабақта дәрістер де, тренинг жұмыстары да қамтылған.

Күтілетін нәтиже:

  • айналадағылармен сауатты қарым-қатынас жасай білу;
  • басқа адамдардың мінез-құлқын түсіне білу;
  • басқа адамдардың әрекеттеріне, сезімдері мен қызығушылықтарына талдау жасай алу;
  • өзінің даму процесіндегі қиындықтарды жеңе білудің жолдарын іздестіре алуы, пайымдауы;
  • белсенді өмірлік ұстанымының болуы;

Әдістері

  • оқушыларға арналған әртүрлі тренингтік бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінген;
  • пікірталас, рөлдік ойын және психотренингтің кейбір элементтері енгізілген;
  • сауалнама, проективті тесттер;
  • әңгімелесу, кеңес беру;

Тақырыптық жоспар

Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мазмұны

С/с

1

«Психология және Мен» курсына кіріспе. Психология туралы жалпы түсінік.

«Психология және Мен» курсының нені үйрететінін үғыну. «Психология және Мен» курсын оқып-үйренуге қызығушылық.

1

I тарау. Жеке тұлға

2

Мен кіммін?

«Жеке тұлға», «жеке адам» түсініктерімен танысу.

1

3-4

Мінез-құлық және оның түрлері

Мінез туралы түсініктерін кеңейту.

2

5-6

Темперамент дегеніміз не?

Темперамент туралы түсінік алу. Темперамент типтерін диагностикалау.

2

7

Менің құндылықтарым.

Құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту.

1

8

Өзіңді басқара біл.

Өз сезіміңді, психикалық күйді басқаруға үйрену.

1

9

Социометрия

Топтағы әрбір адамның орнын анықтау.

1

10

Күнделік - ұлы адамдардың өзін-өзі кемелдендіруіне қалай игі ықпал етті?

Өзін тануы, өзіне-өзі есеп беру.

1

11

Адам мүмкіндігін білеміз бе?

Өмірде өз орнын табу, қабілеттілікті дамыту туралы.

1

II тарау. Танымдық процестер, қабілеттер.

12-13

Танымдық процестер.           Ерік ұғымы. Диагностика.

 

Танымдық процесс, ерік үғымдарымен танысу.

2

14

Зейін ұғымы

Зейіннің шоғырлануы мен бөлінуін анықтау.

1

15

Ес және оның түрлері

Есте сақтау қабілетін анықтау және дамыту.

1

16

Қиял әлемінде

Қиял туралы түсінік. Қиялдай білу қабілетін дамыту.

1

17

Ойлау және  сөйлеу

Логикалық ойлау

Логикалық ойлау қабілетін диагностикалау.

1

18

Айзенк тесті

Лингвистикалық ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау.

1

19

Беннет тесті

Техникалық ойлау қабілетінің даму деңгейін бағалау.

1

20

Қабылдау

Қабылдау ұғымы туралы түсінік алу.

1

III тарау. Өзін-өзі реттеу.

21-22

Жеке кәсіби жоспар. Мамандық таңдау. Диагностика.

Мамандық туралы түсінік. Бейімділіктерін анықтау.

2

23

Қарым-қатынас мәдениеті.

Қарым-қатынас туралы түсінік.

1

24

Эмоция мен сезімдер әлемі

Эмоция және сезім түсініктерімен танысу.

1

25

Эмоциялық шиеленісті қалай реттеу керек?

Өз сезімін басқарып, эмоцияны меңгеру туралы.

1

26

Адам өміріндегі уақыттың маңызы.

Бос уақытты дұрыс пайдалануға бағыттау.

1

27

Әлсіздің дәлелі.

Әлсіз адам өз жалқаулығын, белсенді өмір ұстанымының жоқтығын бүркемелеуге пайдаланылатын дәлелдері туралы.

1

IV тарау. Жасерекшелік психологиясы.

28

Ересек болу оңай ма?

Оқушы мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту. «Менің отбасым» тесті

1

29

Әрбір жағдайдан шығатын жол бар.

Адам өміріндегі қиын кезеңдер, сәтсіздік, өкініш, қайғыны жеңу, күш жігерін жұмылдыру туралы.

1

30

Агрессивтілік. Розенцвейг тесті. «Әлемде жоқ жануар» тесті.

Агрессия туралы түсінік.

1

31

Үрей. Қорқыныш. Диагностика.

Үрей туралы түсінік. Спилбергер сауалнамасы.

1

32

Қимыл-қозғалыс және сымбат

Сымбаттуралы түсінік. Қимыл-қозғалыс режимі туралы.

1

33-34

Қорытынды сабақ

«Психология және Мен» курсы бойынша алған білімдерін бекіту мақсатында тапсырмалар, тесттер, психотренингтер.

2

 

Барлығы:

34

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Немов Р.С. Психология: учебник для студентов высших учебных заведений: в 3-х книгах. Книга 3 Психодиагностика. Введение в научное психологическое исследованиес элементами математической статистики. 4-е изд. – М; Гуманит. Издательский центр ВЛАДОС, 2005 год.
  2. Л.И.Рувинский, С.И.Хохлов «Ерік пен мінезді қалай тәрбиелеу керек?» Алматы  «Мектеп»  1989 жыл
  3. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов «Үл есейсе, қыз өссе» Алматы  «Мектеп»  1988 жыл
  4. Р.Римская, С.Римский «Практическая психология в тестах, или Как научиться понимать себя и других» Москва «АСТ-ПРЕСС»  1997 г.
  5. А.Л.Венгер «Психологические рисуночные тесты» Москва Владос Пресс    2007 г.

 

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив