РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Қысқа мерзімді жоспар / Өзін-өзі тану
12 тамыз 2017
363
0

Өзін өзі тану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспар: Жақсылық-жан шуағы

Маңғыстау облысы.Маңғыстау ауданы.Шетпе кенті педагог-психолог Макашова Жаннат Жаукеновна

 

Пәні

Өзін-өзі тану

Мұғалімі: Ж.Макашова

Сілтеме

11- сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал

Сабақ атауы

Жақсылық-жан шуағы

Жалпы мақсаты

«Жақсылық», «Мейірімділік» құндылықтарының мәнін кеңірек түсіндіру.

 

Оқыту нәтижелері

-         Жақсылық жасау қайнары туралы айта отырып, жақсылықты жасау,оны қолдау,жамандықты тізгіндеу адамдық міндет екенін ұқтыру.

-         Жақсылық,қайырымдылық жасау сезімімен адам бойында туатын жан рақатын сезіндіру; ізгілік, мейірімділіктің адамның өзін-өзі дамытып тәрбиелеудегі ерекше орын алатынын түсіндіру.

-          Мейірімділікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

 

 

Негізгі идеялар

Адам бойындағы ізгілікпен ғана асыл мұраттар мен ақ заңғар армандар қанат қағып көтеріледі. Әркімнің Адаммын деуі, азаматпын деуі, алдымен оның бойындағы ізгілік,жақсылық нұрымен өлшенеді.

Тапсырма

1.     «Ойланайық,пікірлесейік»

           Сұрақ-жауап

2.     Постер қорғау. «Жақсылық – жан шуағы»

3.«Жүрек жылуы» тақырыбында видеокөрсетілім 

Оқушылар пікірін тыңдау

 

4 Шығармашылық жұмыс.

1 5 жолды  өлең шығару.

2 Шағын әңгіме жазу.

3 Мәтінді сурет арқылы бейнеле

 

 

 

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

 

1.

Шаттық шеңбері

Ортаға үлке шеңбер құрып,тақтадағы берілген жүректің бірін таңдайды сол жүректі сыныптасына жылы тілегін білдіріп сыйлайды.

Оқушыларды жүрекшелерінің жиналғанына қарай 3 топқа бөлемін.

1 «Мейірімділік» тобы

2 «Қайырымдылық» тобы

3 «Ізгілік» тобы

3 мин

2 Әңгімелесу

«Ойланайық,пікірлесейік» айдарында берілген сұрақтар арқылы  оқушылардың берілген тақырып төңірегінде өзіндік пікірлерін білдіре алу іскерлігіне үйрету мақсатында төмендегі сұрақтарды қоямын

1 Қалай ойлайсыңдар, адам  қай уақытта мейірімділікті көбірек қажет сінеді?

2 Еш ойланбастан жақсылық жасаған кезің блды ма?

3 «Қарлығаштай қанатымен су сепкен» деген сөздің мағынасын  қалай түсінесің?

4 Жақсылық жасау кез-келген адамның қолынан келе ме? Неліктен?

5 «Жақсылығың алдыңнан шықсын» деген халық ұғымы нені білдіреді?

Оқушылардың  жауаптарын түйіндеу:

Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады.

 

 

 

 

5 мин

3.Мәтінмен жұмыс

«Шипалы түн» Г.Молдағалиева

Мәтінді оқып,мағынасын ашу.

Сұрақ-жауап 3 топқа

1.Адамды жақсылық жасауға итермелейтін қандай сезім?

2.Адамды жақсылық жасауға мәжбүрлеуге бола ма?

3.Жақсылық нәтижесін бірден көру мүмкін бе?

 Постер қорғау. «Жақсылық – жан шуағы»

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

6 мин

Тапсырмалар

«Жүрек жылуы» тақырыбында видеокөрсетілім  (АКТ пайдалану)

Осы көргеніңнен не ұқтың?

 

 

7 мин

Сергіту сәті

Оқушылар орнынан тұрып тақтада көрсетілген жаттығуларды музыкамен орындайды.

2 мин

Жаңа ақпарат

Адамзат қоғамының осы уақытқа дейінгі ұлы құндылығының бірегейі-адамгершілік.Сол адамгершілік атаулының тамырына нәр берген құтты құнар- қайырымдылық пен мейірімділік.Егер адамның бойында мұндай ізгілік блмаса,біреуге біреу ақ сезіммен, таза пейілмен жан шуағын төкпесе, тіршіліктегі жамандық атаулының тоңы жібімейді.

 

 

2 мин

Шығармашылық жұмыс

1-топ  5 жолды  өлең шығару.

2- топ  Шағын әңгіме жазу.

3- топ  Мәтінді сурет арқылы бейнелеу

 

7 мин

Дәйексөз

Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі,

Жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі.

 

 Халық мақалын мағынасын ашып, өмірден алған мысалдар,видеороликте көрсетілген сәттерді есіне ала отырып,дәйекті, ұтымды пікірлер айтуға жетелеу.

 

2 мин

Қорытынды

«Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылықпен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек»                              С.А.Назарбаева

 

2 мин

Бағалау

 

Оқушылар бірін-бірі бағалайды, топпен бағалайды.

 

2 мин

Үйге тапсырма

 

 

Жақсылық, мейірімділік  туралы мақал-мәтел жинақтау  З. Ахметовтың «Шуақты күндер»  шығармасымен танысып келу.

 

2 мин

Жүректен жүрекке 

 

Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап тұрып орындайды.

 

«Жан досым» әні

 

Iздегенде табылатын қасыңнан,

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.

Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,

Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!

 

Қайырмасы:

Жан досым, үстем болсын мерейің,

Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,

Сырымыз да бiтпесiн,

Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!

 

Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,

Қатар жүріп сырымызды сан аштық.

Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,

Адассақ та бiрге жүрiп адастық.

 

 

 

2мин 

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив