РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Қысқа мерзімді жоспар / Өзін-өзі тану
23 қыркүйек 2017
202
0

"Өнер өмір өрнегі"

Тақырып: №_3  Өнер - өмір өрнегі.

Құндылық:Сүйіспеншілік. 

 Қасиеттер: Жасампаз болу.

Мұғалiм: Дузбаева Ж.Б

Мақсаты: Оқушылардың адам өміріндегі өнердің маңыздылығын түсінуіне ықпал ету.  

·        Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани-адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу;

·        Жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету;

·        Өмірді сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу.

 

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. (1мин)

Оқушылар топқа бөлінеді.  (Әнші, биші, суретші)

Тыныштық сәтi.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. (Змин)

Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

    Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға  көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

    Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және    жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді  ғана естейді. Нұр көздеріңізге  де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз  тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі  ой келеді.

    Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «І.Есенберлин шығармасы»  бойынша сұрақ қою

Сұрақтар: Бұл шығармадан қандай ой түйдіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

Әңгімелесу

Адамның өмірді жасампаздықпен қабылдауын қалай байқауға болады?

«Өнерлі адамның өмірі бақытқа, шаттыққа толы»дегенге қалай қарайсыңдар?

 

Дәйексөз

«Өнер – адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы»

 

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Өнер сайысына  шығады. Өнер көрсетіп жарысады. (ән, сурет, би  т.б.). Топтың атын көшбасшысынын, ұстанымын, ұранын белгілейді

 

Топпен ән айту. 3 мин. Өмір өзен әнін орындайды

 

Үй тапсырмасы. Әлемнің жеті кереметі оқып келу

 

Қорытындылау. Өнер-өзен, жан-тәніңді шаятын,

Өнер-өріс, рухыңды жаятын.

Өнер-өмір, әлдилейтін санаңды,

Өнер-өткел, серуендейтін саятың.

Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша 3 минуттай отырады.

 

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив