РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Қысқа мерзімді жоспар / Қазақ тілі әдебиет
12 қаңтар 2019
24
0

Құстар- біздің досымыз

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Құстар- біздің досымыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.​1.​3.​1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау

3.​2.​3.​1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

3.​5.​1.​2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы диалогқа қатысады

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, диалог барысында сұрақтар қояды, сөздерге қоымшаларды дұрыс жалғайды

Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа қатысты қосымша ақпарат айтады, диалог барысында өз ойын түсінікті жеткізеді.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Тақырып бойынша диалогқа қатысады.

Сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғайды.

Лексикалық минимум

Көгершін, құстар, қорғайды

Грамматикалық минимум

Тәуелдік жалғау

Құстар- біздің досымыз.

Жіктік жалғау

Құстарды қорғаймын.

Құндылықтарды дарыту

 

Қоршаған ортаны қорғау 

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым

http://bala.soyle.kz/picture/training?id=12 сайтында тапсырманы орындайды

Бастапқы білім

 

Жәндік жанды табиғатқа жатады ма?

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

«Пойыз» ойыны (бірінші тұрған оқушы бір сөз айтады, келесі тұрған оқушы алдыңғы сөздің соңғы әрпіне сөз айту керек, айта алмаған оқушы ойыннан шығады).

Ара-ат-түйе-есек-күшік-кесіртке-ешкі

Үй тапсырмасын тексеру. “Таңдамалы тексеру” әдісі. Оқушылардың  жазған жұмыстарының ішінен теріп алып, тек бірнешеуін ғана тексеру. Қайсысын тексеретінін ешкім де білмейді.

Сабақ мақсатымен таныстыру

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.

Тақырып бойынша сөздерді дұрыс қолданамын.

Заттың  қимылын білдіретін сөздерді қолданамын.

 

Сабақтың ортасы

 

(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту

Құстар

Көгершін

Қорғау-көмектесу, жамандықтан қорғау, суықтан қорғау

Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.

Жыл құстары, құстарды қорғау. Құстарды қорғау керек.

Ақ көгершін. Мен көгершіннің суретін салдым.

 

(Ө, Ұ) Тыңдалым

Тыңдалымалды тапсырма

Тыңдалымда кездесетін таныс емес сөздермен жұмыс жүргізу.

«Қамқорлық» сөзіне түсінік беру.

«Қамқорлық» - қорғау, күту, су, тамақ беру, ұя жасау.

Құстарға қамқорлық, әжеге қамқорлық, балаға қамқорлық, табиғатқа қамқорлық жасау

Сұрақтар қою арқылы мәтін мазмұнын болжату

ü  Қандай құстарды білесіңдер?

ü  Құстардың қандай пайдасы бар?

ü  Құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?

Тыңдалым тапсырмасы

Мәтінді 2 рет тыңдайды және мәтін мазмұны бойынша сөйлемдерді толықтырады.

Тыңдалым мәтіні

Тоғайда әртүрлі құстар бар. Құстар жанды табиғатқа жатады. Құстар табиғатты  қорғайды. Адамдар құстарға қамқорлық жасайды. Олар құстарға ұя жасайды, жем береді. 1 сәуір – құстарды қорғау күні.

Керекті сөздер: не? нелер? кім? қандай? нені?

Дескриптор:

·         Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырады.

·         Сұрақтарды сөйлемде  дұрыс қолданады.

·         Суреттердің ретін анықтайды.

Сөйлемдер:

1.      Тоғайда ... бар?

2.      Құстар ... табиғатқа жатады?

3.      Құстар ... қорғайды?

4.      Құстарды ... қорғайды?

5.      1 сәуір ... күн?

Әр оқушы өз бетінше орындап болған соң, бірнеше оқушы жауаптарын оқиды (бір сөйлемнен), қалғандары өз жауаптарымен салыстырады, дұрыс/бұрыстығын анықтайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Суреттерге қарап, сөйлемдерді толықтырады. Суреттердің ретін анықтайды.

 _______құстарды қорғаймыз.

 

Құстар  __________ қорғайды.

1 сәуір – құстар _________ .

Тоғайда  ___________  бар.

 

Бірнеше оқушы өздерін дескриптор бойынша бағалайды.

Кері байланыс

Тапсырманы орындау қиын болды ма?

 

(Ж) Оқылым. Мәтінді оқып,әр сөйлемге сұрақ қояды. Деңгейлеріне қарай ашық, жабық  сұрақтар  құрастырады.

Үлгі (деңгейі жоғары сұрақтар):

      Тоқылдақты неліктен «орман дәрігері» деп атайды?

      Көгершіндердің қандай пайдасы болған?

      Құстар адамның тілін түсінеді деп ойлайсың ба?

Оқылым мәтіні

Құстардың пайдасы көп. Тоқылдақ ағашты қорғайды. Оны «орман дәрігері» деп атайды. Қарлығаш егінді қорғайды. Көгершіндер бұрын хат тасыған. Құстар да жанды табиғатқа жатады.

Тапсырманы орындап болған соң, сұрақтың деңейін 1- 3 балл аралығында бағалайды. Қабылдау деңгейлері жоғары оқушылар жабайы құстар туралы, пайдалы құстар туралы білетін ақпараттарымен бөліседі.

 

(Ж, Ө) Жазылым. Тапсырманы өзбетінше орындамас бұрын, «Жұбыңды тап» ойынын ойнату. Оқушыларға үш жақта жазылған есімдіктер мен тәуелдік жалғаулы сөздерді таратып беру. Оқушылар тақтаға шығып, бір сөзден алады да сыңарын іздейді. Мысалы, менің үйім, сенің арманың және т.с.с. Бұдан кейін  әр оқушы өздігінен көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын  қойып жазады. 

Құстар - менің дос... .

Құстар - сенің дос... .

Құстар - оның дос... .

Құстар- біздің дос....

Тақтадағы дұрыс жауапты қарап, өзін-өзі тексереді.

 

(Ж) Айтылым. Диалог құрайды. Төмендегі сұрақтарды қолдану:

ü  Сен қандай құстарды білесің?

ü  Құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?

ü  Саған қандай құс ұнайды?

ü  Құстар неге жанды табиғатқа жатады?

Жұптар бір-бірін «Екі  жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

Үлгі:

Сұраққа толық жауап береді. Құстар туралы қызықты ақпарат айтты.

 

Сөйлемдегі сөздердің ретін сақта.

Сабақты бекіту

АҚТ қолдану (http://bala.soyle.kz/picture/training?id=12)

      Құстардың атауларын тыңдап, суретпен сәйкестендіреді.

      Шатасқан әріптерден құстардың атауларын жазады.

 

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы

4-тапсырма. Сурет бойынша сөйлем құрайды.

Үлгі: Бұл- көгершін. Ол хат тасиды.

Рефлексия

Мен бүгін ... .... үйрендім.

  • жаңа сөздер;
  • сұрақтар құрастыруды;

·         сұрақтарға жауап беруді;

·         тақырып бойынша диалог құруды

 

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

           

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив