РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Орта мерзімді жоспар / Химия
12 қараш 2017
452
0

Химия пәнінен 9 сынып орта мерзімді жоспары

Түсінік хат.

Оқытудың мақсаты қоршаған әлем туралы химиялық білім мен жаратылыстануғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру, талдау қабілеті бар, химиялық тұрғыда ойлай алатын, функционалды сауатты және шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту, өз денсаулығына, туған өлкеге және қоршаған ортаға экологиялық-гуманистік қарым-қатынасты тәрбиелеу болып табылады.

 Оқыту міндеттері:

1) әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;

2) заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;

3) химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;

4) заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;

5) заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;

6) адамзаттың экологиялық, азық-түлік, өндірістік, энергетикалық мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;

7) көпұлтты қоғамға сай кіріктірілген білім, құндылық пен қарым-қатынас жүйесін дамыту;

8) өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;

9) мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;

10) негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.

 Пәнаралық байланыс келесі оқу пәндерімен жүзеге асырылады:

  • «Биология» пәнімен: оттектің, атмосфералық ауаның, судың және сулы ерітінділердің тірі организмдер үшін биологиялық рөлі және оларды ластанудан қорғау;жасушадағы судың биологиялық рөлі;фотосинтез процесінің маңызы;тірі организмдердегі микро- және макроэлементтердің маңызы;жүйелердегі бейорганикалық және органикалық заттардың маңызы;тұрмыста химиялық заттарды қолданудың экологиялық қауіпсіздігі.

2) «География» пәнімен: адамзат тіршілігіндегі судың рөлі және халық шаруашылығындағы және Қазақстан экожүйелеріндегі су ресурстарын қорғау;Қазақстандағы металлургиялық, химиялық және қайта өңдеу кешендері;Қазақстан территориясындағы пайдалы қазбалардың кен орындары;минералды ресурстарды тиімді пайдалану және табиғатты экологиялық қорғау;энергияның альтернативті көздері;

3) «Алгебра» және «Геометрия» пәндерімен: физикалық шамалардың сандық мәндерінің пропорционалдық тәуелділігі; заттың мөлшерлік құрамы бойынша есептеулер; химиялық реакция теңдеулері және формулаларды қолданып есептеулер жүргізу; кеңістіктік конфигурация; молекуланың кеңістіктегі пішіні, молекула құрамындағы атомдар арасындағы валенттік бұрыштар;

4) «Физика» пәнімен: атом, молекула және заттардың құрылысы туралы атом-молекулалық ілім; зат массасының сақталу заңы, Авогадро заңы; ерітінділердің тығыздығы, газдардың салыстырмалы тығыздығы және көлемі; кристалл торларының типтері және құрылысы; атом ядросының құрылысы, изотоптар; жылулық энергия түрі;

5) «Информатика» пәнімен:электронды оқулықтармен, нұсқаулықтармен, виртуальді лабораториямен, тесттік құрылғылармен, аспаптармен жұмыс жүргізу; компьютерлік бағдарламаларды қолданып, ақпаратты-иллюстративтік слайдтар, презентациялар, тесттер, жобалар жасау;

6) «Тарих» пәнімен: химия ғылымының тарихи және ғылыми алғышарттары, ғылыми ашылулар және қазақстандық ғалымдардың ғылым, технология және өндірістің дамуына қосқан үлестері.

 

 

Орта мерзімді  жоспарлау

Барлық сағат саны

Сағат саны

Тарау/сабақ тақырыбы, мақсаты

 

 

Күтілетін нәтиже

Оқытуда қолданылатын

 әдіс-тәсілдер

Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы

Оқушылардың оқып-үйренуіне мүмкіндік жасау үшін оларды қалай ұйымдастырасыз?

Негізгі дерек көздер,

құрал-жабдықтар

1

2

3

4

5

6

7

8

 

4

І тоқсан.

8 сыныптағы химия пәнінің негізгі тақырыптарын қайталау.

1

1

Тақырыбы: 

§1. Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары. ТҚ бойынша нұсқаулықтар. 

Мақсаты:

- Техника қауіпсіздігі боіынша алғашқы нұсқаулар мен химияның негізгі түсініктері мен заңдарын қайталау

- талдау, жүйелеу дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.

- Оқулықпен жұмыс істеу кезінде тақырыптағы басты мәселені анықтап, өз бетімен білім алуға үйрену

· Химиялық негігі түсініктер мен заңдар туралы білім қалыптасады. Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады.

· Критерий арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды

ü Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар

ü диалог әдісі

Химиялық диктант,

Мәтінмен жұмыс.

Формативті бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс.
Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды

Периодтық кесте, злектрондық оқулық

2

1

Тақырыбы: 

§2, 4. Химиялық элементтердің Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйесін және периодтық заңын атом құрылысы тұрғысынан қайталау. Байланыс түрлері.

Мақсаты:

 Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі мен заңы. Химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық заңның ашылуы.
Оқушыларға металдар мен бейметаллдар ұғымын қалыптастыру. Екідайлы қасиет көрсететін элементтердің топтары туралы түсіндіру.

 Элементтердің адам өміріндегі маңызын, қолданылу аясын түсіндіре отырып, химия пәніне қызығушылығын арттыру

· Менделеев жасаған периодтық жүйесі мен заңы,

·  химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық заңның ашылуы туралы білім қалыптасады.

· Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады.

· Критерий  арқылы  оқушылар  бір-бірін  бағалайды.

ü Топтық, жеке,  жұптық  тапсырмалар, 

ü диалог әдісі, өздік жұмыстар.

Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындау, сұрақтарға жауап беру

Өзін – өзі бағалау, критериалды бағалау.

Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі туралы жасалған кесте. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.

3

1

Тақырыбы:

§3. Бейорганикалык қосылыстардың негізгі кластары  және олардың арасындағы арасындағы генетикалық байланыс.

Мақсаты:

-Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты ашуға арналған өзгерістер орындату, есептер шығарту, тарауды қорытындылау, жинақтау.

· байланыс түрлерін ажыратып, сипаттай алады,

· периодтық заңды қорытындылай алады,

· периодтық заңды атом құрылысы тұрғысынан түсіндіріп, қолданады.

ü Сыни ойлау;

ü Венн диаграммасы

ü АКТ:  интернет желісі.

лабораториялық тәжірибе көрсетілімі,

ü Жеке, жұптық, топтық жұмыс

Жұптық жұмыс негізінде топтық ассоциация жасау;

Үштікте талдауға арналған «тыңдайтын үшбұрыштар» әдісін қолдану;

1-топ:жинақтау кестесін толтырады

Реакция теңдеулерін жаз

2-топ:Қолдану  жұлдызшасын толтырады және алыну реакция теңдеулерін жазады

3топ: Сәйкестендіру жаттығуы;

деңгейлік есептер.

 

Өзін-өзі, өзаракритерий бойынша бағалау, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы формативті бағалау; рефлексия парағы.

Ынталандыру,

қолдау көрсету, мадақтау, уәж айту.

 

Презентация, әдістемелік әдебиеттер, Ә.Темірболатова

жұмыс дәптері, флипчарт, электрондық оқулық.

 

4

1

Тақырыбы:

Сандық есептер. Масса,  зат  мөлшері,  ерітіндінің  тығыздығы,  ерітіндінің  массасы  жəне көлемі,  газдың  көлемі,  мольдік  масса,  газдың  мольдік  көлемі,  Авогадро тұрақтысы,  пайыздық  концентрация (еріген  заттың  массалық  үлесі),  күрделі

қосылыс құрамындағы химиялық элементтің массалық үлесі.

Мақсаты:

Теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге және алған білімді тиянақтауға дағдыланады.  Сабақ барысында оқушылардың ғылыми танымдық белсенділігін және сыни ойлауын арттыру

· Есептің шарты бойынша берілге- нін жаза алады. 

·  Есептің мазмұны на сәйкес реакция теңдеуін жазады.

· Массаны,  зат  мөлшерін,  ерітіндінің  тығыздығын,    жəне көлемін табу ға арналған формулаларды  қолданып,  сан есептерін шығарады.

 

 

 

ü Жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту; мәртебелі сұрақтар;

ü Жеке, жұптық, топтық жұмыс

Жұптық жұмыс негізінде топтық ассоциация жасау; постер дайындау;

маршруттық карта;

деңгейлік есептер ,

семантикалық карта, рефлексия парағы

Өзін-өзі, өзара критерий бойынша бағалау,

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы өзара бағалау; рефлексия парағы.

Ынталандыру,

қолдау көрсету, мадақтау.

 

 

Презентация, әдістемелік әдебиеттер,  жұмыс дәптері, флипчарт, электрондық оқулық, бағалау парақтары.

Маркер, флипчарт.

 

 

 

14

 

 

І тарау. Электролиттік диссоциациялану теориясы. Тұздар гидролизі.

 

5

1

Тақырыбы:

§5. Электролиттер және бейэлектролиттер. С.Аррениустың электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидалары.       №1 көрсетілім (1.1)

Мақсаты:

-Электролиттік диссоциация, электролиттер мен бейэлектролиттер ұғымдары туралы мағлұматтармен таныстыру. 

· Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажырата біледі;

· Электролит ерітінділерінде тоқ тасымалдаушылар иондар екенін біледі;

· Электролиттік диссоциация теориясының қағидаларын меңгереді.

ü баяндау, сұрақ – жауап;

ü диалог,

ü топпен, жұппен, жеке жұмыс;

ü электрондық оқулықпен жұмыс.

 

Салыстыру кестесімен жұмыстандыру, мәтінмен жұмыс.

Өзін –өзі бағалау, топта бағалау.

М.Б.Усманова, Қ.Н.Сақариянова Химия: Жалпы білім беретін мектептің      9 сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2013

«Химиялық элементтердің периодтық жүйесі», «Қышқылдардың, негіздердің және  тұздардың суда ерігіштігі» кестесі

6

1

Тақырыбы:

§5. Электролиттік диссоциациялану мехинизмі. 

 Мақсаты:

-  электролиттік диссоциацияның мәнін ашу.

- Иондық және коваленттік полюсті байланысы бар қосылыстардың мысалында электролиттік диссоциацияның механизмін көрсету.

· «Электролит», «электролиттік диссоциация» ұғымдарын меңгереді

ü Сұрақ –жауап,

ü Топпен, жеке жұмыстандыру,

ü Диалог

Есептер шығару,

Кітаппен жұмыстандыру

 

Топ басшысы , өзара бағалау.

эксперименттік есептерді шығаруға арналған реактивтер тобы және құралдар. «Тұздардың, қышқылдардың, негіздердің суда ерігіштігі», «Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар қосылыстардың еруі және электролиттік диссоциация сызбасы», кестелері. 

7

1

Тақырыбы:

§7. Табиғаттағы және тұрмыстағы күшті және әлсіз электролиттер. Электролиттік дисоциациялану дәрежесі.

Мақсаты:

-оқушылар  тақырып жайлы түсінік алады, тақырыптың мазмұнын игеру арқылы ойын толық жеткізіп өйлеу дағдыларын мен жазбаша тілдерін жетілдіруге дағдыланады.

· Оқушылар диссоциациялану дәрежесін табуды және күшті, орташа, әлсіз электролиттерді ажырата білу білігін меңгереді.

ü Сөзжұмбақ құрастыру

ü Постер қорғау

ü БББ кестесі

Бағалау парақшаларын толтыру,

Кітаппен жұмыстану,

Есептер шығару

Критериалды бағалау.

«Тұздардың, қышқылдардың, негіздердің суда ерігіштігі», үлестірмелі материалдар

 

 

 

 

 

 

 

 

8

1

Тақырыбы:

§6. Қышқыл, сілті және тұздардың сулы ерітінділерінің электролиттік диссоциациялануы. Көпнегізді қышқылдардың, қышқылдық және негіздік тұздардың диссоциациялануы

Мақсаты:

-Электролит ерітіндісінің электробейтараптығы және қышқылдардың, негіздердің, тұздардың сатылы диссоциациясы туралы түсінік беру;
-Индикаторлардың қышқылдар мен сілтілерге әсері. Қышқылдар, негіздер және тұздар ерітінділерінің электрөткізгіштігін тексеру.

 

· Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдарға, негіздерге, тұздарға анықтама береді,

· Индикаторлардың түрлерін ажырата алады.

ü Баяндау,

ü Сұрақ – жауап,

ü СТО элементтерін пайдалану

Топтық өзіндік жұмыстарды орындату,

Кесте, семантикалық картаны толтыру.

Өзін – өзі бағалау, мадақтау, сенім білдіру.

«Тұздардың, қышқылдардың, негіздердің суда ерігіштігі», «электролиттер ерітінділеріне индикаторлардың әсері» кесте.

9

1

Тақырыбы:

§8. Ерітіндідегі ион алмасу реакциялары және оның жүру жағдайлары. Зерт.ж №1.

Мақсаты:

-иондардың қасиеті ретінде электролиттердің қасиеттері туралы ұғымды тереңдету,

-молекулалық, толық, қысқартылған иондық теңдеулері құруды үйрету.

· Молекулалық, толық, қысқартылған иондық теңдеулерді құруды, реакция аяғына дейін жүретін жағдайлармен танысады,

· Хлоридтер, сульфаттарға сапалық реакцияны қайталайды.

ü Жеке, топтық жұмыс,

ü Деңгейлік тапсырма,

 

Зертханалық жұмысты орындату,

Есептер шығару.

Критериалды, өзара бағалау, мадақтау

Оқулық, АКТ ғаламтордан алынған суреттер, стикер, түсті карандаштар, постер электронды оқулық, интербелсенді тақта, түрлі – түсті қағаздар. Периодтық кесте, ерігіштік кестесі. Сынауытар, фенолфталеин, NaOH, H2SO4, Na2CO3, CuSO4, HCl, Na3PO4, NaCl, AgNO3

10

1

Тақырыбы:

§9. Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқылдардың қасиеттері.

Мақсаты:

Электролиттік   диссоциациялану теориясы тұрғысынан оқушылардың алған білімдерін дамыта отырып, қышқылдардың  химиялық қасиеттерін ұғындыру, реакция жазу дағдыларын арттыру.

· Топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.     

· Өз жұмысына талдау жасай отырып,басқаның пікірімен санасуға үйрету.

· Жалпы өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.

 

 

ü Топтық жұмыс, ЖИГСО стратегиясы

оқушылар жұппен,топпен жұмыс жасай отырып білімдерін ортаға салады.

Критериалды бағалау,

Мадақтау.

Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі,

«Тұздардың, қышқылдардың, негіздердің суда ерігіштігі»

11

1

Тақырыбы:

§9. Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан негіздердің және тұздардың қасиеттері

Мақсаты:

Электролиттік   диссоциациялану теориясы тұрғысынан оқушылардың алған білімдерін дамыта отырып, негіздердің  және тұздардың химиялық қасиеттерін ұғындыру, реакция жазу дағдыларын арттыру.

· Реакция нәтижесінде тұнба түзілгенін анықтайды,

· Ерітіндіде жүретін реакциялардың молекулалық, иондық, қысқартылған теңдеулерін жаза алады.

ü Деңгейлік тапсырмалар,

ü СТО стратегиясы

Оқушылар топпен жұмыстану, постер қорғау

өзара, өзін –өзі бағалау,

Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі,

«Тұздардың, қышқылдардың, негіздердің суда ерігіштігі», ватман, маркер, стикер.

12

1

Тақырыбы:

§9. Иондардың қасиеттері. Катион, аниондарды сапалық анықтау.

№1 Көрсетілім  (1.2)

Мақсаты:

Катиондар мен аниондардың сапалық рекциялары АКТ-ны тиімді пайдалану

· Катиондар мен аниондардың сапалық рекциялары анықтамасын тұжырымдайды.

· Катиондарға тән реакция теңдеулерін тұжырымдайды.

· Аниондарға тән реакция теңдеулерін тұжырымдайды.

ü «Ассоциация» әдісі,

ü «Синкуейн» әдісі,

 

Интерактивті тақтамен жұмыстандыру,

Мәтінмен жұмыс

 

Критериалды бағалау.

интерактивті тақта, есептер жинағы, электронды оқулық, флипчаттар,түсті қаламдар, А4 қағазы,стикерлер

13

1

Тақырыбы:

§10. Тұздар гидролизі. Биосферада тұздар гидролизінің маңызы. рН туралы түсінік, ағзадағы қышқылдық-сілтілік орта.  №1 көрсетілім  (1.3) Зерт.ж. №2

Мақсаты:

-гидролиз туралы мағлұмат беру, тұз ерітіндісіндегі реакция ортасын анықтау тәсілдерін үйрету.

· Заттардың ерітіндісіне индикаторлар қосқанда оның түсі қалай өзгеретінін анықтайды,

· Гидролиздену нәтижесінде заттардың ортасын анықтайды

ü Сұрақ –жауап,

ü «INSERT»,

ü «ДЖИГСО» стратегиясы

Зертханалық жұмыстың қорытындын жазу,

Тұздардың гидролизін ортасын анықтайды

Өзара , өзін –өзі бағалау, мадақтау.

NaCI, Na2CO3, NH4CI, K2S, CuCI2, NiCI2, FeSO4, CuSO4 т.б. тұз ерітінділері, индикаторлар: фенолфталейн, лакмус, метилоранж, дист. су, пробиркалы штативтер

14

1

Тақырыбы:

№1 практикалық  жұмыс.  «Электролиттік диссоциация теориясы және электролиттердің қасиеттері»

Мақсаты:

-Тақырып  бойынша эксперименттік есептерді шешу,

-қауіпсіздік техника ережелерін сақтай отырып, теориялық білімдерін практика жүзінде қорытындылау.

· Иондық теңдеулерін жаза алады;

· Тарау бойынша алған теориялық білімдерін практикада қолданады;

· Электролиттердің қасиеттерін салыстырмалы түрде саралап, талдайды.

ü Түсіндіру, сұрақ – жауап;

ü Өзін – өзі реттеу;

ü Маршруттық карта, мадақтау, кеңес беру;

ü Жеке, топтық жұмыс

Практикалық жұмыс;

Топпен, жеке жұмыс.

Өзін – өзі, өзара, топтық бағалау;

Критериалды (бірлесе отырып анықтау) бағалау

М.Б.Усманова, Қ.Н.Сақариянова Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9- сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2013

«Химиялық элементтердің периодтық жүйесі», «Қышқылдардың, негіздердің және  тұздардың суда ерігіштігі» кестесі, химиялық ыдыстар мен реактивтер, индикаторлар, үлестірмелі тапсырмалар.

15

1

Тақырыбы:

№1 бақылау жұмысы. «Электролиттік диссоциациялану теориясы»

Мақсаты:

Есеп шығару қабілеттерін дамыту

· Реакция теңдеулерін жаза алады;

· Тарау бойынша алған теориялық білімдерін практикада қолданады;

· Маршруттық картамен жұмыстанады.

ü жеке жұмыс

Есеп шығару қабілеттері дамиды

 

Жиынтық бағалау.

Үлестірмелі материалдар, «Қышқылдардың, негіздердің және  тұздардың суда ерігіштігі» кестесі.

16

1

Тақырыбы:

Сандық есептер. Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғанда  реакция теңдеуі бойынша есептеулер

Мақсаты:

- Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулерді шығару әдістерін меңгеру

 

· Оқушылардың теориялық біліміндегі олқылықтарды анықтау;

· теориялық білімді практикада тиімді қолдану жолдарын үйрету;

· есепті шығарудың бірнеше жолдарын, олардың тиімділігін анықтау;

· топта бірлесе жұмыс істеу дағдысын дамыту

ü жеке жұмыс,

ü деңгейлік тапсырма

есеп шығару қабілеттерін дамиды

Кері байланыс, топтық бағалау, өзара бағалау.

Интерактивті тақта, қатты қағаз, маркер, бейне материал, химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

17

1

ІІ тоқсан.

Тақырыбы:

Сандық есептер. Диссоциациялану дәрежесін есептеу

Мақсаты:

Диссоциациялану дәрежесінің мәніне қарай шығару әдістерін меңгеру

· теориялық білімді практикада тиімді қолдану жолдарын үйрету,

· есепті шығарудың бірнеше жолдарын, олардың тиімділігін анықтау

ü деңгейлік тапсырмалар,

ü жеке жұмыс

Есептер шығарту

Критериалды бағалау, сенім білдіру, мадақтау

Химия оқулығы, есептер жинағы.

18

1

Тақырыбы:

Тарауды қорытындылау

Мақсаты:

-Электролиттік диссоциациялану және электролиттердің қасиеттерін қайталау, қорытындылау және жүйелеу

· Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді, бір-бірін мұқият тыңдап, толықтырып, өзара сыйластық, ынтымақтастық ахуалды қалыптастырады,

· критерий арқылы бағалай алады, қатемен жұмыс жасайды, ортақ қорытынды шығарады

ü Блум таксономиясы,

ü АКТ пайдалану, сыни тұрғысынан ойлау,

ü  диалогтік әдіс, тәжірибелік жұмыс,.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, дарынды, талантты балаларды анықтау, көшбасшылық қырынан тану.

бірін - бірі бағалау, топты бағалау, жеке оқушыны бағалау

периодтық жүйе, ерігіштік кесте, Бекетовтың қатары, үлестірме қағаздар, қажетті реактивтер мен құралдар.

 

14

ІІ тарау. Бейметалдар және олардың маңызды қосылыстары.

 

 19

 

1

 

Тақырыбы: 

§12. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орындарына байланысты IV –VII топтың негізгі топшаларында орналасқан элементтерге салыстырмалы сипаттама.  Бейметалдардың электртерістілігі, тотығу – тотықсыздану қасиеттері.

Мақсаты:

-Бейметалдардың периодтық жүйедегі орны бойынша элементтердің жалпы сипаттамасын, атом құрылысы тұрғысынан металдар мен бейметалдардың айырмашылықтарын білу;

- металдар мен бейметалдардың атом құрылысын салыстыра отырып, электртерістілік қасиеттерін периодтық жүйедегі орнымен байланыстыруға үйрету;

- олардың күнделікті тұрмыста және адам организмі үшін маңыздылығын еске түсіріп, қолдану жолдары туралы білімдерін толықтыру.

 

 

 

· Бейметалдардың периодтық жүйедегі орнын анықтайды;

· химиялық элементке сипаттама беру негізін басшылыққа ала отырып, металдар мен бейметалдардарды ажыратады;

· маңызды бейметалдардың қосылыстарын күнделікті тұрмыста қолдана алады;

· металдар мен бейметалдардың атом құрылысындағы айырмашылықтарын анықтайды;

· периодтық кестемен жұмыс істей отырып, период және негізгі топша бойынша қасиеттердің өзгеру заңдылықтарын талдайды;

· адам организміне әсері туралы біледі;

ü Түсіндіру; 

ü сұрақ- жауап;

ü деңгейлік тапсырма;

ü жеке жұмыс.

ü Өзара оқыту стратегиясы

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру;

жеке жұмыстар.

 

 

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы бағалау.

 

 Усманова М.Б, Сақариянова Қ.Н  Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9- сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2013

«Химиялық элементтердің периодтық жүйесі», «Қазақстандағы бейметалдардың кен орындары» картасы.

 

20

1

Тақырыбы: 

§13.14. Күкірт және оның қосылыстары.

Мақсаты:

- Халькогендер ұяласына жататын күкірттің периодтық кестедегі орнын атом құрылысы тұрғысынан қарастырып, оның аллотропиясы, физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы жайлы оқушылар білімін жүйелеу.

· Халькогендердің және сол топқа жататын күкірттің жалпы сипаттамасын (атом құрылысы, қасиеттері, таралуы, қолданылуы) біледі;

· күкірттің аллотропиялық түрөзгерістерін ажыратады;

· қолдануы туралы біледі;

ü АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып, визуалды оқыту;

ü Ой қозғау, сұрақ қою;

ü Зерттеушілік әңгіме;

ü Суретпен жұмыс;

ü Сыни ойлау стратегиялары: ассоциация әдісі;

ü  мәртебелі сұрақтар.

Деңгейлік тапсырмалар,

Бірлесіп постер дайындау;

Диалог,жеке, жұппен, топпен жұмыс.

 

Ынталандыру мақсатында қолдау көрсетіп, жауаптары толық болса,  «тамаша жауап»,  «өте жақсы», «жарайсың» деген сөздерді қолданамын;

формативті бағалау;

өз жұмысын бағалау.

 «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі» кестесі, интерактивтң тақта, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар, плакаттар, маркер.

21

1

Тақырыбы:

§15. Күкірт қышқылы және оның тұздары.

Мақсаты:

- Күкірттің оттекті қосылыстарына салыстырмалы сипаттама бере отырып, олардан түзілетін гидроксидтерінің атаулары мен олардың қасиеттерін салыстыру;

- қауіпсіздік техника ережелерін сақтай отырып, сульфат – ионына сапалыұ реакциясын жасау;

- күкірт қышқылының және оның тұздарының қолдану аясын білу, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге және алған білімді тиянақтауға дағдыланады.

· Күкірт қышқылының физикалық және химиялық қасиеттерін біледі;

· күкірт қышқылы мен оның тұздарын сапалық анықтай алады;

· күкірт қышқылымен жұмыс істегенде қауіпсіздік техника ережелерін біледі;

· күкірт қышқылымен оның тұздарының қолдану аясын біледі;

· теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана алады.

ü Презентацияны демонстрациялау

ü «Ассоциация» стратегиясы;

ü «Уақыт шеңбері» стратегиясы;

ü Топтық жұмыс;

ü Жеке жұмыс.

Бірлесіп постер дайындау;

Диалог;

Жеке, жұппен, топпен жұмыс;

Деңгейлік тапсырмалар,

Химиялық диктант

Өзін –өзі өзара, топтық бағалау;

Сенім білдіру;

Уәж жасау;

Мадақтау.

Кретерия арқылы бағалау

 «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі»,

Интербелсенді тақта, слайд презентация, бейнекөрсетілім, реактивтер, үлестірмелі материалдар, стикерлер.

22

1

Тақырыбы:

§16,17. Азот және оның оксидтері. Аммиак. Аммоний тұздары. Зерт.ж.№3(3.1)

Мақсаты:

- Азоттың периодтық кестедегі орнын атом құрылысы тұрғысынан қарастырып, азоттың оттекті қосылыстарына салыстырмалы сипаттама бере отырып, олардың қасиеттерін салыстыру;

- оның физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы жайлы оқушылар білімін жүйелеу.

· Азоттың, аммиактың физикалық және химиялық қасиеттерін біледі;

·  аммиактың зертханада жұмыс істегенде қауіпсіздік техника ережелерін біледі;

· азот және оның қосылыстарын қолдану аясын біледі.

 

 

 

 

ü Түсіндіру;

ü Сұрақ –жауап;

ü Тәжірибелік жұмыс;

ü Визуалдандыру;

ü Топтық, жеке жұмыс,

ü «Ассосация» ,

ü «ББҮ» стратегиясы.

Топқа бөлу;

Кесте тотыру,

Есептер шығару;

Химиялық диктант жазу.

Формативті: критерийлармен таныстыру;

Топтық бағалау;

Уәждеме;

Мадақтау;

Жетон жинау.

 «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі», слайд, реактивтер: NH4Cl, Ca(OH)2,  сынауық, фенолфталеин, сіңірілген қағаз және ерітіндісі, тұрғы, спирт шамы, кәрлен табақша, шыны таяқша, кристаллизатор, үлестірмелі материалдар, стикерлер,

23

1

Тақырыбы:

§19. Азот қышқылы және оның тұздары.

Мақсаты:

- Азот қышқылы өндірісінің тарихы мен қазіргі заманғы технологиясын, физикалық, химиялық олардың қасиеттерін салыстыру.

· азот қышқылының ашылу тарихын біледі;

· азот қышқылын өндіру технологиясын сипаттай алады;

· физикалық, химиялық қасиеттерін жаза алады;

· есептер мен жаттығуларды өз бетімен орындайды.

ü Сұрақ – жауап,

ü Сыни ойлау стратегиялары: ассоциаци;

ü диалогтік оқыту: мәртебелі сұрақтар;

ü жеке және топтық жұмыс.

 

Топқа бөлу;

Жұптық жұмыс негізінде топтық ассоциация жасау;

Мәртебелі сұрақтар бар тест

Өзін – өзі бағалау;

«Блум» таксономиясын негізге ала отырып сұрақ жауап арқылы бағалау.

 «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі», интерактивті тақта, металдардың электрохимиялық кернеу қатары, «нитраттардың ыдырауы» сызбанұсқалар.

24

1

Тақырыбы:

§20. Фосфор

Мақсаты:

- Фосфордың периодтық кестедегі орнын атом құрлысы тұрғысынан қарастырып, фосфордың оттекті қосылыстарына салыстырмалы сипаттама бере отырып, олардың қасиеттерін салыстыру.

- Оның физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы жайлы оқушылар білімін жүйелеу.

· фосфордың ашылу тарихын біледі;

· фосфор және оның қосылыстарын біледі;

· физикалық, химиялыұ қасиеттерін жазады;

· есептер мен жаттығуларды өз бетімен орындай алады.

 

 

· СТО технологиясы;

· Сұрақ –жауап;

· Венн диаграммасы

 

Мәртебесі жоғары сұрақтар дайындау;

 

Өзін – өзі бағалау;

Кеңес беру;

Сенім білдіру;

Уәждеме;

Екі жұлдыз, бір ұсыныс, жетон жинау арқылы бағалау;

Мадақтау.

 «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі», қазақстанның картасы.

25

1

Тақырыбы:

§21. Минералды тыңайтқыштар, оларды тиімді қолдану. Қазақстандағы минералды тыңайтқыштардың өндірісі.

Мақсаты:

-Минералды тыңайтқыштардың түрі, құрамы, өсімдіктердің өсіп дамуына тигізетін әсерімен таныстыру;

- олардың күнделікті тұрмыста  және адам организмі үшін маңыздылығын еске түсіріп, қолдану жолдары туралы білімдерін толықтыру.

 

· ө

Мақаламен бөліс

Ілмектер:химия омж
Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
ustazdar.kz@mail.ru

Сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз материалдарды басқа ақпараттық құралдарында жариялауға тиым салынады. Республикалық танымдық ұстаздар сайты сіздерге әрқашан сапалы материалдар ұсынады. Эл.почта: ustazdar.kz@mail.ru

Барлық құқық сақталған 2018-2019 © ustazdar.kz

Біз әлеуметтік желіде

Сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз материалдарды басқа ақпараттық құралдарында жариялауға тиым салынады. Республикалық танымдық ұстаздар сайты сіздерге әрқашан сапалы материалдар ұсынады. Барлық құқық сақталған 2018-2019 © ustazdar.kz