РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Сценарийлер / Тұңғыш президент күні (1 желтоқсан) / Тәуелсіздік күні(16 желтоқсан) / Слайдер
4 желтоқсан 2017
1727
0

1 – ЖЕЛТОҚСАН АЛҒАШ ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ 16 – ЖЕЛТОҚСАН ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ

Жүргізуші: Құрметті ата –аналар,әріптестер,балалар, Сіздерді бүгінгі 16 –желтоқсан тәуелсіздік күні және де 1 –желтоқсан тұңғыш президент күнімен құттықтаймын!

Ендеше,ортаға «Гүлдер» тобының бүлдіршіндерін қол соғып,қошеметпен қарсы алайық.
Музыка әуенімен балалар залға кіріп,орындарына жайғасады.
Жүгізуші: Барша халық таныған,

Біздің үміт тілекті,
Шырқалғанда Әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
Әнұран орындалады.
Слайыд жүргізіледі.
Жүргізуші: Балалар бұл біздің Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Н.Ә.Назарбаев 6 –шілде де 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген.Мектепте жақсы оқып,жақсы білім алған.
Н.Ә.Назарбаевтың жұбайы –Сара Алпысқызы.Олардың Дариға, Динара, Әлия атты үш қыздары бар.
1991 жылы 1 –желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республика Президенті етіп сайлады.
Балаларымыздың елбасымызға арналған тақпақтарын қабыл алыңыз.
Айна: Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған,
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан.
Диана: Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен –кіші,ағайындар –бәріміз,
«Ұлтым,елім» -деп қайғырған ұлы жан
Сіз біздің мақтан тұтар піріміз.
Камила:Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген
Ақ ниетті халық деген данам бар.
Жүргізуші:1992 жылы 4 –маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
Біздің тудың түсі аспан түстес көк,ортасында қыран бүркіт ерліктің белгісі, алтын түстес күн жарқын болашақтың белгісі,жиегіндегі қазақтың ұлттық оюы қазақ халқы екенімізді білдіреді.Тдың биіктігі 2м,ені 1м.Тудың жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков.
Балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.
Сымбат:Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Асылым:Әділеттің ұраны
Ақиқаттың шырағы
Тыныштықтың туы боп
Зор салтанат құрады.
Жүргізуші: «Елтаңбасыз ел болмайды,найзасыз ер болмайды» -дейді қазақ халқы.Елтаңбаның ортасындағы шаңырақ биік босаға берік болсын деген ұғым береді,ал уықтары көршілес елдермен достастығымызды білдіреді.Мүйізді,қос қанатты пырақ арыстандай жүректілігімізді,қырандай қырағылығымызды білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін» -деген асыл арманды арқалап тұр. Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібеков,Шота –Аман Уәлиханов.
Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.
Маржан: Елтаңбасы елімнің –
Неткен айбат,әдемі
Тұнығындай көгілдір
Ортада аспан әлемі.
Орыбек: Отан бәріненде биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Жүргізуші: Тұратұғын болашақтың үні кеп
Тартылар күй,айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндік,бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп.
Балалар біздің еліміздің астанасы Астана қаласы.Аз уақыт ішінде бой көтеріп,әлемге танылды.Оған ерекше сән беріп тұрған Бәйтерек манументі бар.Елдің астаналарынан ерекше әдемі,сәнді ол,біздің асқақтаған,аспанға ұмтылған жастарымыздың қаласы біздің әсем Астанамыз.
Кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.
Бекнұр: Астана –арман қала ,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап –жасыл боп,
Мен үлкен болғанда да.
Айдынбек: Нұр сыйлап қала көркіне
Тағзым етіп: Жер,Күнге
Тұр ғажайып ғимарат-
Зор Бәйтерек кейпінде
Келесі кезекте балаларымыздың орындауындағы әнге берейік.
Ән: «Елімді мен сүйемін» хор.
Слайд желтоқсан құрбандарының суреті.
Жүргізуші: Қазіргі таңда сендер ашық аспан астында күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатсыңдар.Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын –қыстау кезкңді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар бұл біздің –тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.Ал,1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталды.
16 –желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін бейбіт жолмен талап етті.Бұл күні Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды.
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен ерекше көзге түскен жастарымыз –Қайрат Рысқұлбеков,Ляззат Асанова.Осы жастарымыздың арқасында біздер бүгінгі тәуелсіздігімізге қол жеткіздік.
Ерліктеріңе қуанам да,сүйсінем
Қайрат,Ляззат рухына мен иілем
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам
Әділ жанның қазасына күйінем.
Слайд: «Желтоқсан оқиғасынан үзінді» көрініс.
Балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.
Айару: Отан –сенің, ата –анаң
Отан –досың, бауырың,
Отан -өлкең,астанаң,
Отан –аудан, ауылың
Бекнар: Отан –жерім,Отан –суым,
Отан –қуат,нәр береді,
Отан –ұран, Отан –туым,
Отан –мәңгі гүлденеді.
Саттар: Отан деген –атамекен
Отан деген –туған жер
Отан –ана, Отан –үлкен,
Қазақстан туған ел.
Алинұр: Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Ақтоты: Тарихым жатыр тасымда
Тіл қатып келер ғасырға
Азаттық дейтін ұғымның
Желтоқсан тұр басында.
Жүргізуші: Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Ақтоты мен Камила қыздарымыздың орындауындағы «Туған өлкем» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Туған өлке»
Жүргізуші: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Келесі кезекте балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыз.

Сержан: Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні бұл
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні бұл.
Айзере: Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату –тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Ғазиза: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашан да біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық.
Гүлдана: Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлдүлі
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл күні.
Жүргізуші: Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Қазақстан Республикасында.
Жүргізуші: Біздің мемлекеттік тіліміз қандай,қай тілде сөйлейміз?
Балалар: Қазақ тілінде.
Жүргізуші: Біздің елдің президенті кім?
Балалар: Н.Ә.Назарбаев.
Жүргізуші: Біздің еліміздің рәміздері?
Балалар: Ту,Елтаңба,Әнұран.
Жүргізуші: Біздің елдің астанасы қай қала?
Балалар: Астана қаласы.
Жүргізуші: Жарайсыздар, балалар!
Балаларымыздың орындауындағы «Қамшы» биін қабыл алыңыздар
Би: «Қамшы»
Келесі кезекте балабақша директоры Тұрғанбаева Нұрсауле ханымға сөз беріледі.
Келесі сөз кезегі ата –аналрдың атынан бір адам тілек білдірсе.

Жүргізуші: Желтоқсанда қарлы боран, жауындатқан,
Жастарын жас алаштың ұрып –соққан,
Қанға бояп, таяқпен ұрып –соғып,
Арулардың шашын жұлып, қансыратқан.
Тәуелсіздік аламыз деп жаңғырады,
Жанарынан ұл –қыздардың от жанады.
Шеруге шыққан алаш ұрандары,
«Қайран елім, қазағым» -деп жар салады.
Егемендік орнады елімізге,
Тәуелсіздік жайғасты төрімізде.
Бірлігімнің бұзылмайды қаймағы,
Бейбіт күнде желбірейді байрағы.
Осы күнге жеткізген елбасымның,
Тілеймін әрқашанда амандығын.
Тәуелсіздік оңайлықпен келген емес,
Оны ешкім ала ғой деп берген емес,
Қанша адамның басына пәле төніп,
Бұл сұмдықтың болғаны елес емес,
Ресейге де тәуелсіз болды емес пе?
Тәуелсіздік арман боп келді емес пе?!
Теңдік үшін үзілді Қайрат, Ляззат.
Қыршын өмір жауқазындай солды емес пе,
Бақыт құсы қазаққа қонды емеспе?!
Әр елдің жүрегінен жол тапқан,
Елбасымыз кеменгер дана емеспе!!! –дей отырып бүгінгі 16 –желтоқсан тәулсіздік күні және де 1 –желтоқсан елбасымыздың,бүкіл қазақ халқаның төл мерекесі құтты болсын! Ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.Алтын уақыттарыңызды бөліп біздермен бірге қуанышымызды бөліскеніңізге көл рахмет.Қош сауболыңыздар!
Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив