РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Сценарийлер / Бастауыш сынып
14 қараш 2017
72
0

Бастауыш сынып онкүндігі

Онкүндіктің ашылуына арналған сценарйи

1-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!

2- жүргізуші: Добрый день, дорогие друзья!

3- жүргізуші: Good afternoon, dear friends!

1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі « бастауыш сынып»  онкүндігінің  ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән  онкүндіктерінің орны ерекше. Бұл  онкүндікті өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар бұл пәндерді тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. 

3 - жүргізушіКешімізді - сыныптың  дайындаған тамаша биімен бастасақ дейміз.

1 - жүргізуші: Қарсы алыңыздар заманауи бимен 4ә  сыныбы

2 - жүргізуші: Ортаға  бастауыш пәндер бірлестігінің жетекшісі  Әлібек Ғазизаны шақырамыз.

Сөз -  Әлібек Ғазизада

3 - жүргізуші:Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,

Бастауыштар  елінде,
Орыс, қазақ тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
Шабыттанып, шалқысып,
Көңілді ән салысып.
Қызықты кеш жасайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
1– жүргізуші : Бүгін біз  Бастауыш елдеріне саяхат жасаймыз. Алғашқы ат басын тірейтін еліміз – дүниетану елі

2– жүргізуші : Ендеше кезекті бізді қоршаған тірі табиғаттың қыр – сырын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін меңгертетін  жаратылыстану ғылымы жөнінде айтары бар жас өрендерге берейік 

Табиғатым, тіршілігім, ырысым,

Сенсіз менің тарылады тынысым.

Биік - биік тауларыңа қарасам,

 Алшаң басып, түзеледі жүрісім.

О, адамзат аялашы, қорғашы,

Өзің туып, өзің өскен ортаны.

Келе жатыр талай сәби өмірге,

Ең болмаса соның жайын ойлашы.

О, адамзат аман жүргің келсе егер,

 Қарап тұрма несібең ғой қара жер.

Табиғаттың тазалығын сақтағын,

Азаматтық борышыңды ақтағын.

Тал отырғыз, көгалдандыр еліңді,

Үлес қосып, нәр берсейші жеріңе.

"Мал қалғанша, тал қалсыншы" деген ғой

Соны түсін аманат бұл атадан.

Ата - баба елі үшін аттанған,

Сол кездерде бізге сеніп сақтаған.

 Ұрпақтардан - ұрпақтарға мұра етіп,

Қазақ жерін қарашықтай сақтаған.

Сеніміңді ақ жүрекпен ақтаймын,

 Туған жерім, топырағын баптаймын.

Сеніміне ата - баба дақ салмай,

Табиғатты таза етіп, әлемімді сақтаймын.

 Мен ұлыңмын аманатқа берікпін,

Бабалардан ұлылықты көріп шын.

Жар саламын бар әлемге айқайлап,

Туған жерім Қазақстан көріктім!

3– жүргізуші : Бәріміз мында қарайық
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Барлық   пәннен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық

Ойын « Қызықты жануарлар әлемі» 

Сұрақтар: Суық теңіздерде өмір сүретін ірі денелі, жүзбе қанаты бар сүтқоректі жануар. Ұзындығы 4,5 метрге жетеді, ал салмағы 1000-1500 кг шамасында. Тістері 4айлық кезінен бастап шыға бастайды. Кейбірлерінің тістерінің ұзындығы 1 метрден асады. Ол тістерден брелог, бижутерия сияқты әшекей бұйымдары жасалады. (Морж, walrus)

Ертегілерде, ескі әңгімелерде көбірек айтылатын құйрық үсті қауырсынымен ерекшеленетін дүниедегі ең әдемі құс. ( тауыс, павлин, mountain)

Әрі  епті, әрі жеңіл қимылдайтын, әрі жақсы өрмелейтін және талдан талға оңай секіретін омыртқалы жануар. Қоректері: емен жаңғағы, грек жаңғағы, бадам (миндаль), орман жаңғағы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ, жаңа ағаш қабықтары, жәндік, ұлулар болып табылады.(Тиін, белка, coat )

Жануарлардың  ішіндегі ең ақылды, сөйлей алатын құс.(Тотықұс, попугай, parrot)

1 – жүргізуші :Құлақтан  кіріп  бойды алар

Жақсы  ән  мен  әсем  күй,

Көңілге  түрлі  ой салар

Әнді  сүйсең  менше  сүй,- деп  Абай  атамыз  айтқандай  ән жан  азығы.  Кезекті әнге берейік.

Ән  

Ендігі ат басын тірейтін еліміз –  математика елі


Сырын ашып беретін әр ұғымның,
Ғажап сырды осыдан сен ұғындың.
Қиыны мен қатар тұрар қызығы,
Математика – патшасы сан ғылымның.

Тереңінде жатады ма бір сиқыр,
Ол нәрсе емес ойлап көрсең жай жылтыр.
Математика – ақыл-ойдың иесі,
Ес тандырып баурап алар сан цифр.

Дүбір шықса шын қас тұлпар тұра ма,
Біліп алғын мұны да сен сұра да.
Геометрия, тригонометрия саласын,
Өрістеткен әл-Фараби ғұлама.

 Тазарт енді пиғылыңды, санаңды,
Кең табиғат, кеш адасса балаңды.
Бір Тәңірім математикалық есеппен,
Жаратқан ғой он сегіз мың ғаламды.

Ашылады кілтін тапсаң сандықтар,
Математика жүздіктер мен ондықтар.
Сүресі мен аятында Құранның,
Ұғынғанға математикалық дәлдік бар.

Ашып тастап кең сарайын сырыңның,
Өмір жүгін осыдан сен ұғынғын.
Математика өміріңе зор қажет,
Сондықтан да сырын біл бұл ғылымның

2- жүргізуші: -Құрметті оқушылар енді математика пәнінен сұрақтарға жауап берейік

 Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? 

Жауабы: Медет, Medet

  Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Жауабы: үш , три. three

   Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

Жауабы: 4 мысық четыре кошки four cats

   Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

Жауабы: үш стакан  три стакана  three qlasses

   Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

Жауабы: үшеу три  three

    Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? 

Жауабы: екі сағат  два часа two hours

    Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

Жауабы: жоғары  вверх  hiqh

   Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? 

Жауабы: шырпы спички    match

    Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? 

Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса если он заморожен if it is frozen

    Үш гном бар. Сол үш гномға үш қызыл және үш көк капюшонды көрсетеді. Қараңғыда үшеуіне екі қызыл және бір көк капюшонды кигізіп, қалғандарын жасырады. Гномдардың қайсысы өз басындағы капюшонның түсін таба алады?

Жауабы: ешқайсысы ни один  none 

1-жүргізуші: Тіл құдіретін сездім жырдан, дастаннан,

Тілмен бірге орындалар басты арман.

Мынау заман кезіндегі өтпелі,

Тілдің жолы енді ғана басталған.

2-жүргізуші: Родной язык!

Он с детства мне знаком.

На нем впервые я сказала мама,

На нем клялась я верностью упрямой,

И каждый вздох понятен мне на нем,

3-жүргізуші: We are happy living in a peaceful, independent country as Kazakhstan. We learn Kazakh, Russian and English. 

Ай мен күнге ауылдас көршілердей.

Мемлекеттер арасын біріктірген,

Орыс тілі орнықты елшілердей.

Орыс тілі тілдердің тұр шыңындай,

 

Әркім шөлдеп жұтады сусынындай.

Медет беріп келеді ол желпіп жеңіл,

Қарлығаш қанатының сусылындай.

Орыс тілі салмақты қорғасындай,

Таусылмайтын кендердің қордасындай.

Motherland

One among many countries

Native land mother

Native land universe

Native land Kazakhstan.

 

Kazakhstan

Kazakhstan is my country

Kazakhstan is my land.

I live here with my friends

Kazakhstan is my country

Kazakhstan is my land.

I live here with my friends

 

Monday's child is nice and slow

Tuesday's child is go, go, go

Wednesday's child is very funny

Thursday's child is happy and sunny

Friday's child is like a king

Saturday's child can dance and sing

Sunday's childe can stand on her head

And count the ghosts under her bed!

 

Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы? Сын есім
  Сөз құрамын зерттейтін сала? Морфология morphology
  Екі не бірнеше адамның сөйлесуі? Диалог dialog

 Айтыстың көне түрі Бәдік айтыс аспекты заговора  Conspiracy aitys

 «Тұлғаны таны» ойыны
1. Жүз жасаған ақын? (Жамбыл) 
2. Құрманғазы Сағырбайұлы кім? (күйші) сheerful
3. Құрманғазының шәкірті? (Дина Нұрпейісова) 
4.  Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі? Әміре Қашаубаев 
5. Шоқанның туған жылы (1835) 
6. Абай Құнанбайұлының туған жері. (Семей) 
7. Семейде туған 3 кемеңгер. (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)
8. Қазақтың әлемге әйгілі балуаны? (Қажымұқан) 
9. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры – ұшқыш. (Т.Бигельдинов) 
10. Жауынгер – жазушы, батыр. (Б.Момышұлы) 
11. Шығыстың қос жұлдызы. (Әлия, Мәншүк) 
12. Тұңғыш ағартушы – педагог. (Ы.Алтынсарин)
13. Қазақ Тіл білімінің атасы – (А.Байтұрсынов)
14. 1836-1837 жылдары көтеріліс басшылары. (Исатай, Махамбет)
15. Абайдың әжесі, анасы. (Зере, Ұлжан)

1- жүргізуші: Осымен  бастауыш сынып онкүндігінің ашылу салтанаты да тәмәм болды. Біз сендермен қоштаспаймыз.

2- жүргізуші: Бұл басы ғана, достар! Көретін қызықтар әлі алда!  Онкүндікте бәрі бар - ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! Сіздерді  онкүндік соңында марапаттар күтіп тұр!  

2-ж: Мы еще не прощаемся с вами! Мы приглашаем вас присутствовать во всех наших следующих мероприятиях! До, следующих встреч!
3-ж: Thank you, good bye!
1-ж: Кездескенше сау болыңыздар!

 

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив