РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Сценарийлер / Сыныптан тыс жұмыс
1 желтоқсан 2017
491
0

«О, адамдар біргемін мен сендермен!» атты сынып сағаты

Астана қаласы

Төлеген Айбергенов атындағы

№16 орта мектептің

қазақ тілі пәні мұғалімі:

Расулова Еркінай Ахметқызы

 

 

 

 

Төлеген Айбергеновтің 80- жылдық мерейтойына орай 9 «а» сынып оқушылары арасында өткізілетін

 

«О, адамдар біргемін мен сендермен!» атты сынып сағаты

4.02.17ж

 

Сынып сағатының мақсаты:

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, өлеңдері және әндерімен танысу.

Тлеген Айбергеновтің өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

көрнекілігі:

 Төлеген Айбергеновтің суреті мен «О, адамдар біргемін мен сендермен!» тақырыбы, шарлар, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Сазды музыка.

1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Төлеген Айбергеновтің артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Төлегендей перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.

Жансын деп жақсы орталарыңда маздап ән,
Қалсын деп жақсы көңілдер ойды қозғаған,
Тік тұрып қарсы ал, о, туған елім тілектес,
Тілестікпен қойныңа кірді өз балаң.

Сағына келді қайтпаққа сені бір көріп,
Жанына жібер жасампаз жарық нұр беріп.
Ақтарыл алдан сырларға толы сыр болып,
Жасарған жерім дүниеге бүгін бір келіп.

2 жүргізуші: Дорогие друзья! Мы рады приветствовать Вас в этом зале! Мы хотим рассказать Вам о жизни и творчестве неповторимого, выдающегося поэта Толегена Айбергенова. Это поэт современник поэтому нам кажется, что те кто сегодня к нам пришли на праздник чуточку знает, кто такой поэт Т. Айбергенов, что представляет его творчество.

Более десяти лет назад на карте мира появилось  название – Республика Казахстан. Новое имя украсило древнюю страну, раскинувшуюся на широких просторах Евразийских степей.

Поистине велика казахстанская земля. От седого Каспия – на западе до Алтайских хребтов – на востоке, от березовых перелесков – на севере до хребтов Заилийского  Алатау – на юге. Здесь в мире и согласии живут уже целое столетие более 130 национальностей

Она велика: от Алтая до Каспия,

  Она широка, как народа душа.

  Она же – Европа, она же и Азия,

  И волны Урала и плеск Иртыша.

  Родная земля молодая и древняя –

  Пою о тебе и тобою живу!

На север взгляну – вижу зелень деревьев,

  На юг посмотрю – ветры сушат траву.

  Есть всё у тебя: и леса, и озёра,

  И синие глуби натруженных рек,

  Бескрайние степи, высокие горы,

  И я – твой хозяин и твой человек!

1-жүргізуші: Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Төлеген Айбергенов ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Төлеген ағаның өмір жолынан деректерге назар аударайық

  • оқушы: Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда туылған. Әкесінен ерте айрылған оны шешесі аяққа тұрғызды. Бала кезінен шығармашылыққа құмар баласын тәрбиелеу және білім беру үшін шешесі көп күш жұмсады. Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын бітіргеннен соң, Төлеген бірнеше жыл Сарыағаш ауданында тұрды, сонда мектеп басшысы қызметін атқарды. Сол жерде жас мұғалім өзін ақын ретінде сезініп, ақындық даусы сонда қалыптасты. 1963 жылы біздің жерлесіміздің «Арман жолы» атты алғашқы кітабы жарық көрді.

Қазақ поэзиясы әлеміндегі жаңа дарынды барлығы бірден байқайды. Төлегенді Алматыға шақырады. Онда ол алдымен «Лениншіл жас» жастар газетінде, кейін Қазақстанның Жазушылар одағында қызмет атқарады.  Арада екі жыл салып, Т.Айбергеновтың «Өмірге саяхат» атты жаңа өлеңдер жинағы шығады.

Төлеген пөэзиясы өз бойына лаулаған жігер мен алғыр сезімді, сәулелі парасат пен зымыран ойларды қатар сіңірген толыққанды поэзия.

Біреулермен есім шығып таласам,

Таласам да өкпелесіп жарасам.

Достық үшін дауласамын біреумен,

Біреулермен шын достыққа жол ашам.

Ұнатпасын тұрсамдағы сезіне,

Ұнамасын тура айтамын көзіне.

Бәрін соның алғанымды өзінен,

Қайтап апарып беру үшін өзіне.

Ақынның бүкіл азаматтық болмысы мен мінезі осы шумақтарға түгел сиып тұр. Бір ғажабы, Айбергенов өз поэзиясында қандай өр, әрі қызба, жомарт, меймандос болса, өмірде де сондай болатын.

 Бірақ оның таланты кең көлемде ашылмады, оның өлеңі жарты сөзінде үзілді – Төлеген отыз жасында дүниеден өтті.

 1968 жылы, ақынның дүниеден өткеніне бір жыл болғанда, біздің жерлесіміздің шығармашылығын кеңінен танытқан, оның «Құмдағы мұнарлар» атты кітабы шықты. Осы кітабы үшін Төлеген Айбергеновке Казақстан Лениншіл комсомолының сыйлығы берілді.

Орыс оқырманы үшін Төлеген Айбергенов таныс емес. Бірақ, өзінің қаламдас бауырының өлеңдерін аударған, біздің тағы да бір жерлесіміз – ақын Олег Постников олардың алғысына ие. Оның аударған «Жұлдыздар әлемі» атты өлеңдер жинағы («Мир созвездий») 1989 жылы «Жазушы» баспасында жарық көрді.  

 

2-чтец: Толеген Айбергенов родился 8 марта 1937 года. Рано остался без отца, поднимала его мать, много сделавшая для воспитания и образования сына, с детских лет склонного к сочинительству. После окончания Ташкентского пединститута имени Низами Толеген ряд лет жил в Сарыагачском районе, работал директором школы. Именно там молодой учитель ощутил себя в полную силу поэтом, там окреп его поэтический голос. В 1963 году выходит первая книга нашего земляка – «Путь мечты».

Новое дарование на небосклоне казахской – поэзии замечают сразу. Толегена приглашают в Алма-Ату, где он сначала работает в молодежной газете «Лениншил жас», затем в Союзе писателей Казахстана. Через два года выходит новый сборник стихов Т.Айбергенова «Путешествие в жизнь». Но полностью талант поэта не успел раскрыться, жизнь и песня его оборвалась на полуслове – Толеген умер тридцатилетним.

В 1968 году, через год после смерти поэта, вышла его книга «Вышки в песках», наиболее полно представившая творчество нашего земляка. За эту книгу Толеген Айбергенов  удостоен премии Ленинского комсомола Казахстана.

Русскому читателю Толеген Айбергенов почти не знаком. Тем большей благодарности заслуживает другой наш земляк – поэт Олег Постников, который перевел стихи собрата по перу. Сборник воссозданных им стихов – «Мир созвездий» - вышел в 1989 году в издательстве «Жазушы».

 

1-жүргізуші: Иә ,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған  «Ана»деген өлеңдерін 9-асынып оқушысы Манан Динаның орындауында тыңдап көрейік.

 

2-жүргізуші: Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; Ақынның өзге жұрттан артықшылығы - бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні..Ендігі кезекте поэзия әлеміне саяхат жасасақ

 9-г-сынып оқушылары Ноздрина Наташа ,Торабаева Аделя

1-жүргізуші:  Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатындығы жасырын емес.

2-жүргізуші: Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен шашу шашсын деген ниетте кезект 9-сынып оқушыларына  береміз. 

1-жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ  ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың «Төлеген Айбергенов» есіміне арнаған  сахна көрінісі.

9-а сынып оқушыларының  орындауларында.

2-жүргізуші  Төлеген Айбергенов Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Көзінің тірісінде жариялап үлгерген жыр жинақтары:  1958 жылы Ә. Тәжібаев, Д. Әбілов, Е. Ысмаиловтар сәт сапар берді

  1961 жылы – «Жас дәурен» деген жинақта өлеңдері басылды

  1963 жылы – «Арман сапары»

  1965 жылы – «Өмірге саяхат»

  1968 жылы – «Құмдағы мұнаралар» өзі дайындаған

  1970 жылы – «Мен саған ғашық едім»

  1975 жылы – «Аманат»

  1981 жылы – «Бір тойым бар»

  1985 жылы – «Бақшаға саяхат» балаларға арналған

  1987 жылы – «Мир созвездий» (аударма)

  1989 жылы – «Бір тойым бар»

  1990 жылы – «Сад» аударма балаларға арналған

  1997 жалы – «Таңдамалы өлеңдері»

  1997 жылы – Мерейтойына арналып «Біргемін мен сендермен» деген  атпен естелікте, арнау өлеңдер жинағы шықты.
1-жүргізуші: Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері-таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Ендеше, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен шашу шашсын деген ниетте кезекті оқушыларға береміз. 

 «Атамекен» өлеңін  Серимбетова Ақниеттің орындауында тыңдап көріңіздер.

2-жүргізуші: Туған жерге, елге, халқына, досына, Отанына, әкесіне, әжесіне, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді. «О, адамдар біргемін мен сендермен!» 9-сынып оқушылары хор.

1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Төлеген Айбергенов ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт игілігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

Сонымен, ақиық ақын Төлеген Айбергеновке арналған «О, адамдар біргемін мен сендермен!» атты сынып сағаты аяқталды.

2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық!

 

Сынып сағатын дайындаған: 9 «а» сыныптың сынып жетекшісі Расулова Е.А.,

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив