РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Сыныптан тыс жұмыс
18 мам 2017
572
0

Жаратылыстану пәнінен сабақтан тыс іс – шара «Тапқыр болсаң тауып көр» ойыны.

Ойын сабағының мақсаты: Оқушылардың білімін тексеру, білімін пайдалан білу дағдысын қалыптастыру, сабаққа деген қызығушылығын ояту, өз ойларын, білімдерін жинақтап тұжырымдай білуге дағдыландыруды мақсат еткен сабақта оқушылардың өзін көрермендер алдында дұрыс ұстай білуге, мәдениеттілікке, алғырлыққа тәрбиелеу де қамтылды.
Көрнекілік: дүниежүзілік физикалық картасы, суреттер.
Ойынның жүргізілуі:
І бөлім.

І- тарау. Күн – жұлдыз.
ІІ- тарау. Жер ғаламшары.
ІІ бөлім.
Дене және табиғаттағы заттар. Тақырыпқа 2 минуттан жауап береді. Жауабы дұрыс болса, ойынды жалғастырады, аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығып отырады.
Ойынның барысы:
Әділқазылар оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін, төмен ұпай жинаған оқушыларды әр айналымда шығарып отырады. Соңында 2 оқушы қалады. 2 оқушыға 10 сұрақтан «Кім жылдам?» қойылып, сұрақта аты аталған жаратылыстану объектілері нені білдіретінін ойланбастан тез атау керек, соңында көп ұпай жинаған оқушы ойын жүлдегері атанады.
І- кезең. «Сұрақ – жауап»

1 топ:
1) Жаратылыстану бұл қандай ғылым? (табиғатты оқып үйренудің әртүрлі әдістері).
2) Дене неден тұрады? (заттан).
3) Органикалық зат дегеніміз не? (белок, крахмал).
4) Табиғаттағы құбылыс дегеніміз не? (тірі және өлі табиғатта болатын өзгерістер).
5) Табиғатты оқып – үйрену әдістері (бақылау, тәжірибе, өлшеу).
6) Ауаның қысымы (барометр - анероид).
7) Желдің бағыты? (флюгер).
8) Жұлдызды аспанды зерттеуде үлкен үлес қосқан орта азиялық ғалым? (Ұлықбек).
9) Қазіргі кезде астрономдардың есептеуі бойынша қанша шоқжұлдыздар бар? (88).
10) Жер мен Күннің орташа ара қашықтығы? (150 млн.км).

 

2 топ:
1) Ғаламшарлардың Күнді айналып өтетін сызығын қалай айтады? (орбита).
2) Жер тобына жататын ғаламшар? (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс).
3) Ең бірінші ғарышкер? (Ю.Гагарин).
4) Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Т.Әубәкіров).
5) Жұлдыз дегеніміз? (Жанып, жарқырап тұрған газды шар).
6) Темірқазық жұлдыздары қай жақта орналасқан? (солтүстікте).
7) Ғарыш туралы ежелгі көзқарасты өзгерткен белгілі поляк оқымыстысы? (Н.Коперник).
8) Алғаш рет «Жер Күнді айналып жүреді» деген ойды айтқан ғалым? (Әл Бируни).
9) Жер бетінің кішірейтілген түрі? (глобус).
10) Телескоптардың түрлері? (оптикалық, радиотелескоп).
ІІ- кезең. «Кім жылдам?»
Жер құрылысы.

Географиялық қабық? (литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера).
Неше материк және неше мұхит бар? (5 материк, 4 мұхит).
Жердің құрылысы? (қыртысы, мантия, ядро).
Масштабтың неше түрі бар? (сандық, атаулық, ірі, орта, ұсақ).
Тау жыныстары? (магмалық, шөгінді, метаморфтық).
Топырақтың құрамдас бөлігі? (қатты, сұйық, газ тәріздес, тірі заттардан тұрады).
Судың неше күйі бар? (сұйық, қатты, бу).
Теңіз суының орташа тұздылығы? (1 метрге 35 г).
Шығанақ дегеніміз не? (мұхит, теңіз суларының құрлыққа сүйірлене немесе тереңірек ішке енген бөлігі).
Бұғаз деген не? (құрлықты бір-бірінен бөліп тұрған теңіз, көл, мұхит суларын бір-бірімен жалғастырып тұрған жіңішке сулы өткел).
Ауа? (газдардың қосындысы).



ІІІ. Менен сұрақ – сізден жауап.        Ең ерекше бағалануы 1 ұпай.
Ең үлкен мұхит – Тынық
Ең суық мұхит – Солтүстік Мұзды мұхит
Ең жылы мұхит – Үнді мұхиты
Ең ұзын өзен – Ніл
Ең тұзды көл-
Ең кіші көл-

ІҮ. Жұмбақ шешу.
1) Кең байтақ, су ішуге болмайды (теңіз –море- .........)
2) Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ қашады. (жел – ветер - ....)

  1. Мақал-мәтелдер. 10 ұпай.
    Бір сөз айтылады, соған арнап мақал мәтелді жалғастыру.
    1) Ауа. (Жұпар – ауа жанға дауа).
    2) Тау (Асқар тау алыстан көрінеді).
    3) Ай (Ай жарық – қоян арық).

4) Жұлдыз (Жұлдызың жансын)


Қорытынды.
Жеңімпазды мадақтау.

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив