РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Сыныптан тыс жұмыс
24 желтоқсан 2017
39
0

Тіл жүйрікте, кім жүйрік?

Қазақ тілінің онкүндігі аясында  өткізілген

сыныптан тыс іс-шара

 "Тіл жүйрікте, кім жүйрік?"

                                                        Өткізген: Касенова Д.С.                                                   

Сынып: 3

 

Сыныптан тыс іс-шараның  барысы:

 

І. Ұйымдастыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 3 Б сынып  оқушылары  қатысады. Ойын ІV айналымнан тұрады.

  1. Құпия сандық
  2. Ойлан тап
  3. Еліміздің рәміздерін білесің бе?

4.Тіл шебері

Ойынды бастамас бұрын, әр оқушы өзін таныстырып кетсін. Болашақтағы  ұстанымын, өзіне ұнайтын, сүйіп оқитын пәндерін айтып кетсін.

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

І -айналым «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр жауапқа 2 ұпайдан қойылады.Егер қазақшасын немесе орысшасын ғана айтатын болса 1 ұпай беріледі.

Осы айналымнан кейін 3 оқушымен қоштасамыз

1-топ.

  1. Қолы менен қаламы жоқ,

    Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

  1. Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

  1. Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

  

 

2- топ.

  1. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

  1. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады.             (күн-солнце)

3.Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

3-топ.

  1. Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

  1. Әттең, даусым, тілім жоқ,

       Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

  1. Сақталады алты  ай жаз,

        Сандығымда  сары  аяз.  (тоңазытқыш-холодилник)

ІІ айналым «Ойлан, тап»

Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 1 шығармадан үзінді (өлең) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу қажет.Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан .Егер шығарманы тауып, авторын таба алмаса 1 ұпай береміз.

1-топ.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

(«Қыс». А.Құнанбаев) 

2-топ

Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

3-топ.

 Бес нәрсеге асық бол,
       Бес нәрседен қашық бол
      Адам болам десеңіз... (Ғылым таппай мақтаңба Абай)

Мұғалім:

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,
ІІІ айналымды бастаймыз «Еліміздің рәміздерін білесің бе?» 
Бұл айналымда Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. 
1-топ

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл ?

Жауабы: қазақ тілі
2. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім ?
Жауабы: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев
3. Қазақстан қашан тәуелсіз болып жарияланды ?

Жауабы: Қазақстан 1991 жылы 1желтоқсанда тәуелсіз болып жарияланды

2-топ.

  1. Қазақстанның бас қаласы және астасын атаңдар.

Жауабы: Қазақстанның бас қаласы және астанасы - Астана
2. Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады ?

Жауабы: Қазақстан Республикасының рәміздеріне Ту, Елтаңба, Әнұран жатады

  1. Мемлекетік Тудың авторы кім ?

Жауабы: Мемлекеттік Тудың авторы суретші Шәкен Ниязбеков

3-топ.

  1. Мемлекеттік Туда нелер бейнеленген ?

Жауабы: Мемлекеттік Туда қыран, күн, өрнек бейнеленген
2. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кімдер ?

Жауабы:  Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары Шота-Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков
3. Мемлекеттік Әнұранның сөзін жазған кімдер ? Әнұранның сөзін жазған Жауабы: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

ІV айналым. Тіл  шебері

Сөздерді қазақ тіліне аудару керек. Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.

1-топ

родители -ата- ана

родственник- туыс

игрушка-ойыншық

кровать-төсек

окно-терезе

2-топ

дверь-есік

кухня-асүй

гостиная комната-қонақ бөлме

сестренка-қарындас,сіңлі

комната-бөлме

3-топ.

одежда-киім

детская комната-балалар бөлмесі

учитель-мұғалім

светло-жарық

ковер-кілем

Бағалау әр дұрыс жауапқа жүлдызшамен өткізіледі.
Қорытынды: Құрметті оқушылар осымен біздің «Ең ақылды оқушы» интеллектуалды сайысымыз аяқталды.Қатысып, өз бақтарыңызды сыныағандарыңызға көп рахмет.Алдағы уақытты осындай сайыстардан қалыс қалмай қатысып жүріңіздер.Еліміздің болашағы білімді ұрпағында демекші білімді азамат болып өсіңіздер.

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив