РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Сыныптан тыс жұмыс
26 желтоқсан 2017
272
0

Елбасымыздың ғаламдық бейбітшілік пен келісім бастамасы

Минск орта мектебі

Дөңгелек үстел: (8 – 11 сынып аралығында)

Тақырыбы: “Елбасымыздың ғаламдық бейбітшілік пен келісім бастамасы”

Өткізген: Ожай А И.

 

 

Ғаламдық бейбітшілік бастамасы:

Мақсаты: Оқушыларға Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Бейбітшілік пен ынтымақтастық келісім бастамасының” негізгі идеясын түсіндіру

Қазіргі жаһан жүзі толғақты таңдаудың табалдырығында, үлкен жолдың айрығында тұрғандай. Меңзеп отырғанымыз - қауіпсіздік мәселесі, дүниежүзілік соғыс қатері. Енді шұғыл түрде мұның алдын алмаса, бейбіт күнді сақтап қалуды аңсаған адамзат баласының ХХІ ғасырға артқан зор үмітінің күлі көкке ұшады.

Биылғы жылғы наурыз айының соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ астанасы - Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі V саммит шеңберінде жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесі осы мәселені ашып айтып, ядролық қарулары бар елдер басшыларын ынтымақтаса тіршілік етуге шақыруымен дүниені қалың ойға батырды. Ал манифест алдағы бейбіт күннің бағдарламасы ретінде өмірге енді.

Жаңа тарихи жағдайға бейімделу

ХХІ ғасырдың ең басты ұраны қандай? Ендігі жерде ғалам жүзіне тыныштық керек! Жылдан жыл ұзаған сайын онсыз да проблемаларының саны мен ауқымы арта түскелі тұрған адам баласы үшін бұл барынша шетін мәселе болмақ. Бейбіт болашақтың бағдарламасы іспеттес манифесінде Нұрсұлтан Назарбаев «Соғыссыз әлем» идеясын ұсына отырып, халықаралық қарусыздану үдерістерін жаңа тарихи жағдайларға бейімдеу білудің аса маңызды мәселе екенініне назар аударады. «Зымыранға қарсы жүйелер мен кәдімгі қару-жарақ жөніндегі бұрынғы уағдаластықтар кезіндегі алысты болжай алмаушылық Еуразия кеңістігін саяси милитарландыруға алып келді. Бұл тіпті қорғанысты басқарудың электрондық жүйесінің ықтимал ақауына байланысты жаһандық соғыстың басталу қаупін күшейте түседі», - деп атап өтеді Қазақстан Президенті. Ол осыған орай БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі конференциясы қызметінің жаңа стратегиясы қажеттігін де еске сала кетеді. Себебі, біздің алдымызда мүлде жаңа қатер - терроршылардың қолындағы аса қауіпті қаруға айналуы мүмкін киберқылмысты жоюмен айналысу міндеті тұр. Бұл ретте соғыссыз әлем ең алдымен халықаралық қаржы, сауда-саттық және даму саласындағы жаһандық бәсекелестіктің әділетті парадигмасы түрінде көрінуі тиіс. Мұны жақсы түсінген Қазақстан тарапы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында Жаһандық стратегиялық бастама-2045 жоспарын жасау бастамасын алға шығарды. Түптеп келгенде, бұл жоспар соғыстар мен жанжалдардың түбегейлі себептерін жоюға бағыт ұстайды. Мұнда әлемдегі барлық ұлттардың осы инфрақұрылымға, ресурстар мен нарықтарға тең жағдайда және әділетті түрде қолжетімділіке жетуі негізінде дамудың жаңа үрдісін қалыптастыру маңызы зор болмақ. Ол БҰҰ-ның 100 жылдығы мерейтойына қарай жүзеге асыру ұсынылады.

«Адамдардың өткен ғасырдағы жасағаны секілді, ХХІ ғасырда да бейбітшілік үшін байыптылықпен және табандылықпен күресу керек, - деп атап көрсетеді Мемлекет басшысы бұдан әрі. - Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз. Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдарының күш-жігерін жұмылдыру қажет». Ал қазіргі алмағайып заманда ешбір іс-әрекетсіз отыру немесе бітімгершілік қызметпен айналысқан кейіп таныту әлем көлемінде орын алып кететін алапат апаттың алдын алмай, оған көз жұма қараумен пара-пар болып шығар еді. Осы орайда Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесім ХХІ ғасырда өмір сүретін және жұмыс істейтін өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отырғаны ешқандай күмән тудырмайды. Ал Қазақстан Президенті өзінің мемлекет басшысы ретінде адамзаттың болашағы үшін жауаптылардың бірі болып табылатынын терең сезіне отырып, жаһан жұртшылығы алдына осындай инициативамен шығуға мәжбүр болып отыр. Себебі, ол «Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ» екенін елден бұрын пайымдап үлгерген ғаламдық деңгейдегі үлкен тұлға екенін бұған дейін де әлденеше мәрте танытып үлгерген еді. Сондықтан да қазіргі таңда жағдайға қарай бейімделуден тиімді жол жоқ екенін ашып айтады.

Қорытынды: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруға, соғысқа түбегейлі қарсы екендігін білдіре отырып, өзінің «Бейбіт әлем» бағдарламасын ұсынды. Бағдарламаның негізгі мақсаты әлемде тыныштық пен ынтымақтастық орнату.

 

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив