РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ
Тест жауаптарымен / Математика
6 мам 2017
127
0

Ең кіші ортақ еселікке есептер шығару

ашык сабак

Сабақтың тақырыбы:Ең кіші ортақ еселікке есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың ЕКОЕ тақырыбына есептер шығарту барысында білімдерін тиянақтау, тереңдету және бір жүйеге келтіру, негізгі ұғымды бекіту.
2.Оқушыларға өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы, топпен ұйымдасып жұмыс істеуі, өзін-өзі басқаруына ықпал ету.
3.Өзара ынтымақтастыққа, қайырымдыллыққа, жылдамдыққа, алғырлыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Тест тапсырмасы, жаттығулар, слайд, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: ұжымдыққа оқыту, өзара оқыту, топпен жұмыс, оқыта үйрету.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, жаратылыстану
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. (Оқушылармен амандасу, түгелдеу, тақтаны борды дайындау, сыныптағы оқушыларды А, В,С топтарына бөліп)
II. Үй тапсырмасын сұрау. №337, 338
№337 Ең кіші ортақ еселігін табыңдар:

 

Сан ЕҮОБ
6;16 48
8;20 40
8;12 24
15;18 90
20;24 120
26;39 78

 

 

 

 


№338 Ең кіші ортақ еселігін табыңдар:
Сан ЕҮОБ
10;70 70
22;88 88
25;75 75
4;20 20
18;30 90
16;40 80

Жауап берген оқушыларға қосымша сұрақтар қойылады.
1. Натурал сан дегеніміз не?
2. Санды өрнек дегеніміз не?
3. Әріпті өрнек дегеніміз не?
4. Теңдеу
5. Құрама сан
6. Жай сан
7. ЕҮОБ
8. ЕКОЕ
9. Формулалар
10. 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетін санда
III. Өткен сабақты пысықтау.
ЕКОЕ тақырыбын оқушыларға ережесімен қайталап естеріне түсіртіп, есептер шығарту.
Оқулықпен жұмыс. (Әр топ тақтаға есептер шығарады)
№340 ,344,346 есептерін тақтаға шығарады.
Әр топ бірлесе отырып деңгейлік тапсырмаларды орындайды

 

 

 


Деңгейлік тапсырмалар
А. Сандардың ең кіші ортақ еселігін табыңдар:
1) 16 мен 20; 3) 5 пен 11;
2) 60 пен 15; 4) 6 мен 13.
В. Сандардың ең кіші ортақ еселігін табыңдар:
1) 45 пен 54; 3) 30 бен 24;
2) 32 мен 48; 4) 72 мен 54.
Сандардың ең кіші ортақ еселігін табыңдар:
1) 23·3 және23·32·5 3) 2·3·22·3·7 және 3·5
2) 2·3·11 және 32·11 4) 3·7·2·5 және 32·7
“Ребусты шешіп көр” ойыны (Ребустан мақал құрастыру қажет)

 


Сергіту сәті
“Адасқан сандардың үйін тап” ойыны
Жай сан Құрама сан

18 5 3 7 10
6 23 11 35 54
Тест тапсырмалары
1. Өрнекті ықшамдаңдар: 5а+3а
а) 8а
ә) 8
2. Жай көбейткіштермен жазылған натурал сандардың ең кіші ортақ еселігін табыңдар:
3×3×5 жəне 3×3×5×2×5
а) 450 ә) 540
3. Сандарды жай көбейткішке жіктеп, ең кіші ортақ еселігін табыңдар: 45 пен 54.
а) 180 ә) 270
4. Әлияның қадамының ұзындығы 40 см, ал Мәншүктің қадамының ұзындығы 60 см. Әлия неше қадам жасағанда олардың толық қадамдарының ең алғаш рет келіп теңеседі?
а) 120 ә) 160

 

“Дұрысын тап” ойыны
7 Жай сан
20 Құрама сан
54 Жай сан
66 Құрама сан

Оқушыларды бағалау: Әрбір топ өз өздерің бағалайды.Сабаққа белсене қатысқан ьопты бағалау
Үйге тапсырма:
№354, №66,69,71 (қосымша оқулықтан)

Мақаламен бөліс

Пікір беру
Пікіріңіз:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Суреттегіні еңгізіңіз:*
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив